«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын қызметінің мақсаты тұлғаның шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы интеллектіні байыту болып табылады.
Мектептен тыс оқушы күні қарсаңында балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында салтанатты іс-шара өтті, онда үйірме қызметінің тұсаукесерлері көрсетілді. Біздің орталыққа 340 тәрбиеленуші келеді, олардың көпшілігі облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың жүлдегерлері атанды. Осы оқу жылында білім алушылардың бойында оң мінез-құлық пен құндылықтарды қалыптастыру мақсатында олардың жан-жақты дамуы мен болашақ өмірге дайындығын қамтамасыз ете отырып, өз жұмысымызды одан әрі жемісті жүргіземіз деп үміттенеміз.