"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢАТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР - ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЦЕНТР ДЕТСКО - ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұйым жарғысы

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  1. «Атбасар  ауданының білім бөлімі жанындағы  балалар   жасөспірімдер орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, (бұдан әрі – Кәсіпорын)   ұйымдастыру- құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие шұғыл басқару құқығындағы  мекеме болып табылады.
  2. Кәсіпорын   Атбасар ауданының әкімдігінің № 624 «01» сәуір 1998 жылғы  шешіміне сәйкес  құрылды.
  3. Өкілетті орган -Атбасар ауданының әкімдігі Кәсіпорын  құрылтайшысы   болып табылады
  4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты коммуналдық меншік құқығын мүлік бойынша уәкілетті орган,  Атбасар ауданының әкімдігі (бұдан әрі- мемлекеттік мүлік  бойынша уәкілетті орган, жергілікті атқару органы)  жүзеге асырады.
  5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырушы    орган «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ (бұдан әрі- басқару органы) болып табылады.
  6. Кәсіпорынның мемлекеттік тілдегі толық  атауы : «Атбасар  ауданының білім бөлімі жанындағы  балалар   жасөспірімдер орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын), орыс тіліндегі толық атауы:  «Детский юношеский центр при отделе образования А тбасарского района»  
  7. Кәсіпорынның заңды мекен-жайы:   020400 Қазақстан Республикасы, Ақмола обласы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Стадионная көшесі, «Локомотив» стадионы.

 

2.КӘСІПОРЫННЫҢ  ЗАҢДЫ   МӘРТЕБЕСІ

  1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
  2. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
  3.  Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
  4.  Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.
  1. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТТАРЫ
  1.  «Атбасар  ауданының білім бөлімі жанындағы  балалар   жасөспірімдер орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны   қызметінің мәні :  тұлғаның танымға,  шығармашылыққа деген мотивациясын дамыту,   мемлекет, қоғам және  жеке бастың   мүддесінде, «Білім туралы жән» Заңға сәйкес қосымша білімдік бағдарламалар мен қызметтерді іске асыру болып табылады.
  2. Кәсіпорын қызметінің мақсаты 

1) Жеке басының дамуына қажетті жағдаймен қамтьамсыз ету;

2) Денсаулықты нығайту;

3)   6 дан  18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің кәсіптік тұрғыдан

 өзіндік анықталуы мен  шығармашылық еңбектерін күшейту;

14. Кәсіпорын алдына қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:

  1. Балаларды қоғамдағы  өмірге бейімдеу.
  2. Жалпы мәдениетін және салауатты өмір салты дағдыларын  қалыптастыру.
  3. Балалардың бос уақыттарын  ұйымдастыру.
  1.  Кәсіпорында балалардың  бастамасымен  өз  жарғысы мен ережелеріне сәйкес  қызмет етуші балалар мен жасөспірімдер бірлестіктері мен ұйымдары құрыла алады. Саяси партиялар, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың қызметіне жол берілмейді.
  2.  Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтайшылық  құжаттарында  белгіленіп,  шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы,  не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
  3.  Кәсіпорын басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
  4.  Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.
  1. КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУ
  1.   Жергілікті атқарушы орган:
  1. Кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
  2. Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;
  3. Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;
  4. Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
  5. Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
  6. Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
  7. Кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;
  8. Кәсіпорынның мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
  9. осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  1.  Кәсіпорынның басшысы оның органы болып табылады.
  2.  Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
  3.  Тиісті саланың уәкілетті органы Кәсіпорынның басшысымен еңбек  қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

     Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген

     жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақытылы

      аударылмағаны үшін Кәсіпорын басшысының жауапкершілігі айқындалады.

  1.  Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және  мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
  2.  Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
  3.  Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4.  Басшы:
  1. Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;
  3. шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
  4. сенімхаттар береді;
  5. банктік шоттар ашады;
  6. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
  7. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

   Тиісті  саланың  уәкілетті  органы  (жергілікті атқарушы орган)  басшының  ұсынымы  бойынша  қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын

   Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы оның Жарғысында  белгіленеді.

  1. белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;
  2. өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады;
  3. өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;
  4. тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  5. Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5. БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

  1.  Кәсіпорын түрлі кәсіпорындармен мекемелермен, ұйымдармен оның ішінде шетедік ұйымдармен тікелей байланыс орната алады.
  2.    Кәсіпорын қызмет көрсетуде балалар  ұсынысын ескере отырып, отбасы, қоғам, білім беру мекемелерінің сұранысына сәйкес өз бетінше бағдарлама жасай алады.
  3.  Кәсіпорын өз жұмысын жылдық күнтізбе бойынша ұйымдастыра береді. Каникул уақытында балалар мен олардың ата-аналарымен жалпы жұмыстар істейді. Белгіленген тәртіп шеңберінде лагерлер, туристік базалар ашып, өз базасында балалардың тұрғылықты мекенжайына сәйкес түрлі бірлестіктер құруына болады.
  4.  Балалар қызметі қызығушылық бойнша біржасты және әр түрлі жасты бірлестіктрде жүзеге асырылады.
  5.  Ұстаздар бірлестік жұмысын мемлекеттік білім басқармалары ұсынған оқу жоспарлары мен бағдарламаларын негізге ала отырып жүргізеді.
  6.  Оқу үрдісі бір тақырып төңірегінде немесе кешенді интеграциялық бағдарлама негізінде ұйымдастырылады. Сабаққа қатысушылар құрамын, ұзақтығын оқытушылар ғылыми-техникалық ұсыныстарға сүйене отырып белгілейді.
  7.  Сабақ кестесін үйірме жетекшілерінің ұсынысымен балалардың еңбекке бейімді және демалу уақытын, жас ерекшелігін ескере, санитарлық-гигиеналық межені сақтай отырып әкімшілік жасайды.
  8.  Педагогтардың таңдауымен бірлестіктердің міндеті мен мақсаты, жұмыс әдісі, оқу бағдарламасы мен жоспары жасалады.
  9.  Әкімшілік пен педагог мамандарың арнайы рұқсатымен бос уақыт болған жағдайда бірлестік жұмысынан ата-аналар қатысады.
  10.  Кәсіпорын келісім шарт арқылы немесе мекемелермен, кәсіпорындармен бірге балаларды кәсіптік дайындықтан өткізуге болады. Жалақы төлеуі үшін лицензиясы болуы шарт.
  11.  Кәсіпорын басқа білім беру мекемелерінде ұйымдарда осындай бірлестіктер ұйымдастыра алады. Олардың өзара қатынасы келісім шартпен бекітіледі.
  1. КӘСІПОРЫННЫҢ МҮЛКІ
  1.  Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.
  2.  Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
  3.  Кәсіпорынның мүлкі:
  1. оған меншік иесі берген мүліктің;
  2. өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда);
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.
  1.  Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
  2.  Жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
  3.  Мүлікті пайдаланудың  кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.
  4.  Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, жедел басқару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
  5.  Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
  6.  Жедел басқару құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 47-тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.       Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:

       - артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мүлікті  алып қою жатқызылады.

  1.  Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорыннан (жедел басқару құқығында) бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
  2.  Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.
  3.  Осы Жарғының 45-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, негізгі құралдарға жататын, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, дебиторлық берешекті мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімімен ғана (жергілікті атқарушы орган), беруге және есептен шығаруға құқылы.
  4.  Кәсіпорын оған шаруашылық жүргізу құқығында (жедел басқару құқығында) бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
  1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
  1.  Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты қаржы даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
  2.  Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін Атбасар ауданының әкімдігі бекітеді.

          Кәсіпорынның   таза  табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан  Республикасының  Бюджет  кодексінде  белгіленген  тәртіппен

     республикалық бюджетке аударылуы тиіс.

         Кәсіпорын  таза  табысының  бір  бөлігін  республикалық  бюджетке  аударуды корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  декларацияны  тапсыру  үшін

белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

  1.  Кәсіпорынның тауарды (жұмыстың және қызмет көрсетудің)ұсыну тізімі мен тәртібі   сәйкес мен заңнамамен лайықты Қазақстан республикасының уәкілетті органымен бекітіледі.
  2.  Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
  1. КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ
  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталы (жедел басқару құқығындағы) меншік иесінінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптасады.
  1. КӘСІПОРЫННЫҢ ЕСЕПКЕ АЛУЫ МЕН ЕСЕПТІЛІГІ
  1.  Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) келісімі бойынша халықаралық стандарттарына (шаруашылық жүргізу құқығындағы) және қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына (жедел басқару құқығындағы) сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
  1. КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛУАПКЕРШІЛІГІ
  1. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақша жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапкершілікте болады.

11. ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАС

  1. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
  2. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

12.  КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ

  1.  Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.
  2.  Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.
  3. Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) белгiлейдi.

13.  КӘСІПОРЫНДЫ ҚАЙТА ҰЙЫМДЫСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

  1.  Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату  Атбасар ауданы әкімінің

      шешімі  бойынша жүргізіледі.

           Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен

           көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

Қайта құр- және коммунального кәсіпорынның таратуын ауданның Атбасар әкімдігі жасайды.

  1. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.

Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

14. ЖАРҒЫҒА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

  1. Өзгеріс және толықтыруларлар кәсіпорынның жарғысына ауданның Атбасар әкімдігімен енгізіледі.
Жаңартылған күні: 23.01.2020 16:37
Құрылған күні: 23.01.2020 16:37

Текст