Білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау ережелері / Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана: 2025. 32 - б.
"Сандық технологиялар, ашық дереккөздер және жасанды интеллект құралдары тек оқыту мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар адалдықты сақтамай көшіріп алу, ақпаратты бұрмалау және авторлық құқықтарды бұзу қаупін арттырады.
Осындай жағдайда академиялық адалдық оқу нәтижелерінің дұрыстығын және білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара сенімді қамтамасыз ететін, мектеп білім сапасының жүйеқұрушы элементі ретінде айқындалады.
Аталған сын-қатерлерге жауап беру қажеттілігі білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидаларын әзірлеуге негіз болды. Құжаттың мақсаты – білім беру ортасындағы оқу, педагогикалық, зерттеу және өзге де қызмет түрлерінде адалдық пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай және іс жүзінде қолдануға болатын нормалар мен тетіктерді бекіту.
Білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидалары бүкіл мектеп қауымдастығы үшін әдістемелік бағдар ретінде қолданылып, академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру, қолдау және бақылау үдерісінде бірыңғай ұғымдық аппарат пен стандартталған тәсілді қамтамасыз етеді.
Глоссарий
Академиялық адалдық
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының адал, этикалық және ашық әрекет етуін қамтамасыз етуге бағытталған нормалар мен құндылықтар жиынтығы.
Академиялық адалдықты бұзу
Адалдық қағидаттарына қайшы келетін әрекеттер немесе әрекетсіздік, оған көшіру, плагиат, деректерді бұрмалау, жалған мәлімет беру және басқа да әділетсіз әрекеттерге көмектесу жатады.
Адал ниетпен жасалған қате
Білмегендіктен немесе тәжірибесіздіктен жасалған, адастыру ниеті жоқ бұзушылық. Мұндай жағдайда жазалаудан гөрі түсіндіру мен оқыту қажет.
Академиялық адалдыққа жауапты тұлға
Әдетте мектеп әкімшілігінің (директордың орынбасары немесе әдіскер) құрамындағы қызметкер, академиялық адалдық саясатын үйлестіреді және алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Академиялық адалдық және этика кеңесі
Академиялық адалдықты сақтау мен этикалық мәселелерді қарастыруға, кеңес беруге және мектеп құжаттарын жетілдіруге арналған алқалық орган.
Академиялық бұзушылықтар жөніндегі комиссия
Академиялық адалдықты бұзу күдігі туындаған нақты жағдайларды қарастыру үшін уақытша құрылатын жұмыс тобы.
Бұзушылықтардың алдын алу
Академиялық адалдықты бұзуға жол бермеу үшін ақпараттандыру, оқыту, нұсқаулықтар мен ситуациялық моделдеуді қамтитын шаралар кешені.
Қалпына келтіру шаралары
Бұзушылықтан кейін сенім мен әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған тәсілдер: қателікті мойындау, түзету шараларын қабылдау, салдарын талқылау және оқыту.
Жергілікті нормативтік акт
Академиялық адалдық қағидаттары мен рәсімдерін сипаттайтын, мектеп шеңберінде қабылданатын ішкі құжат.
Ақпараттандыру
Академиялық адалдықтың мазмұны мен ережелерін білім алушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға жиналыстар, стендтер, парақшалар, сынып сағаттары, цифрлық платформалар арқылы жеткізу.
Академиялық адалдық қағидаттары
Мектептегі академиялық адалдық мәдениетінің негізін құрайтын негізгі ережелер. Олар барлық қатысушылардың мінез-құлқын айқындайды.
Нұсқаулық (инструктаж)
Академиялық адалдықтың мінез-құлық ережелері мен салдары туралы мақсатты түрде таныстыру процесі.
Білім беру ортасы
Оқытудың академиялық адалдық негізінде жүзеге асуына ықпал ететін әлеуметтік-психологиялық, ұйымдастырушылық және этикалық жағдайлар жиынтығы.
Білім алушыларының жазбаша түсіндірмесі
Академиялық адалдықты бұзу күдігіне байланысты білім алушылар тарапынан берілетін ресми құжат.
Өтінішті қарау
Академиялық адалдық бұзушылығы жағдайларын талдау, мән-жайларды анықтау, баға беру және мектептің ішкі ережелеріне сай шешім қабылдауды қамтитын рәсім.
МАЗМҰНЫ
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚТЫ САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.......................... 5
5. Мектеп қауымдастығы мүшелерінің академиялық адалдықты бұзу жағдайларына әрекет ету шаралары . 16
1.1. Осы Академиялық адалдықты сақтау ережелері (бұдан әрі – Ережелер) білім беру ұйымында этикалық, адал, әділ және жауапты білім беру ортасын қалыптастыру мен қолдауға бағытталған міндетті мінез-құлық нормалары мен қағидаттарын қамтиды.
1.2. Бұл құжат мектепішілік нормативтік актілерді, регламенттерді және ағартушылық іс-шараларды әзірлеу мен жаңарту үшін негіз болып табылады. Ережелер білім беру ұйымында академиялық адалдық саясатын енгізу және қолдау бойынша ұсыныстар мен тетіктерді қамтиды, сондай-ақ бұзушылықтарға әрекет ету тәртібін реттейді.
1.3. Осы Ережелер білім беру және кәсіби қызметтің барлық түрлеріне қолданылады (сабақтар, бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары, зерттеу жобалары, емтихандар, аттестаттау, байқаулар және т.б.).
1.4. Бұл құжат академиялық адалдықты қалыптастырудың мойындалған халықаралық және ұлттық тәсілдерінің негізінде дайындалып, мектептегі білім беру ортасына бейімделген.
Мақсаты: Білім беру процесіне адал, дербес, жауапты және әділ қатысу мәдениетін дамыту.
Міндеттері:
Негізгі қағидаттар
Адалдық - зияткерлік меншікке құрметпен қарау, дереккөздерді дұрыс пайдалану, тапсырмаларды өз бетінше орындау, көшіруден, плагиаттан, деректерді бұрмалаудан және цифрлық немесе ЖИ құралдарын әділетсіз пайдаланудан бас тарту.
Әділеттілік - барлық қатысушыларға тең жағдай жасау, барлығына бірдей және алдын ала белгілі бағалау критерийлерін қолдану, бейтарап бағалау мен ашық рәсімдерді қамтамасыз ету.
Құрмет - білім беру процесінің барлық қатысушыларына құрметпен және адал қарау; өзге адамдардың зияткерлік үлесін мойындау, қарым-қатынас нормаларын, рөлдер мен шекараларды сақтау.
Жауапкершілік және хабардарлық - Академиялық адалдық ережелерін білу және оларды сақтауға дайын болу, өзінің әрекеттері мен қателіктерінің салдарын түсіну, бұзушылықтар үшін жауапкершілік алып, түзету шараларын қабылдау.
Сенім және ашықтық - Академиялық адалдық ережелері әділ әрі дәйекті қолданылатын ашық орта құру. Өзін-өзі талдауға, кері байланысты қабылдауға және үнемі даму мен жетілуге дайын болу.
Бұл қағидаттар:
Ережелермен танысу және жауапты мінез-құлық:
- Осы Ережелердің мазмұнын және оларды бұзған кездегі салдарды білу;
- Барлық жұмыс түрлерінде академиялық адалдық қағидаттарын адал орындау;
добросовестно соблюдать принципы академической честности при выполнении всех видов работ;
- Алынған материалдарды (мәтіндер, суреттер, идеялар және т.б.) мектепішілік талаптар мен жалпы қабылданған стандарттарға (мысалы, APA стилі) сай рәсімдеу.
Өзіндік жұмыс және авторлық құқықты құрметтеу:
Цифрлық және Жасанды интеллект құралдарын этикалық пайдалану:
Оқу ортасында жауапты қарым-қатынас:
3.1.1. Құқықтары
Білім алушылар төмендегі құқықтарға ие:
Оқыту қызметі шеңберінде міндеттері:
Кәсіби қызметі шеңберінде міндеттері:
3.2.1. Педагогтердің құқықтары:
Академиялық адалдықты мектеп ортасына енгізу тек жеке жауапкершілікпен ғана емес, сонымен қатар халықаралық тәжірибе мен ұлттық нормаларға негізделген нақты ұйымдастырушылық құрылымды талап етеді.
Халықаралық тәжірибе. Халықаралық бакалавриат (IB), Халықаралық мектептер кеңесі (CIS), ЮНЕСКО (Etico Platform) және әлемнің жетекші университеттері академиялық адалдықты қамтамасыз етуде:
қажеттігін ерекше атап көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы нормативтік негіз
Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілері академиялық адалдықты енгізуге мынадай негіздер береді:
(ҚР БҒМ 2022 жылғы 21 шілдедегі № 348 бұйрығы), 3.2.4 бөлім: «Академиялық адалдық – білім алушының негізгі құндылығы және білім сапасының көрсеткіші».
Осы құжаттарға сүйене отырып, әр мектепте төмендегідей құрылым енгізілуі қажет:
Міндеттері: Академиялық адалдықты енгізу және әдістемелік сүйемелдеу;
Кеңестің мақсаты: даулы жағдайларда келісілген шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін, академиялық адалдықты этикалық тұрғыдан қолдауға және сүйемелдеуге бағытталған институционалдық механизмді қалыптастыру, этикалық мәдениетті дамыту және білім беру процесінің барлық қатысушыларының хабардарлығын арттыру.
Мектеп директоры кеңес құрамына кірмейді, бірақ оның жұмысын әкімшілік және ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етеді (кеңес құрамын бекіту туралы бұйрық шығару, жұмыс регламентін анықтау және т.б.).
Кеңес отырысының жиілігі: Кеңес тұрақты негізде жұмыс істейді, оқу тоқсанына кемінде бір рет жиналады, сондай-ақ қажет болған жағдайда – мысалы, күрделі жағдайлар туындағанда немесе әкімшілік, мұғалімдер, білім алушылар не ата-аналардың сұрауы бойынша жиналады.
Кеңестің функциялары:
Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - тұрақты жұмыс істемейтін, нақты оқиға немесе жағдай тіркелген кезде уақытша негізде (ad hoc) құрылатын орган.
Комиссияның мақсаты: академиялық адалдықты бұзу жағдайларын бейтарап, ашық және құпия түрде қарастырып, әділеттілікті қалпына келтіруге және осындай бұзушылықтардың қайталануын болдырмауға бағытталған ұсынымдар әзірлеу.
Комиссияның құрамы:
Мектеп директоры Комиссия құрамына кірмейді, бірақ Комиссияның жұмысына қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
Комиссияның функциялары:
Ескерту: Комиссияның шешімдері жазалау сипатында болмайды. Оның мақсаты - академиялық адалдық мәдениетін тәрбиелеу, әділеттілікті қалпына келтіру және бұзушылықтардың алдын алу.
Академиялық адалдық мәселелері білім беру саласындағы уәкілетті органдар тарапынан мониторинг жүргізілетін бағыттардың бірі болып табылады. Осыған байланысты мектептер академиялық адалдық қағидаттарының негізгі басқарушылық және білім беру құжаттарына тиісті түрде енгізілуін және тиісті есептілікті қамтамасыз етуге міндетті.
Білім басқармалары келесі әрекеттерді жүзеге асыра алады:
Мектеп келесі құжаттар мен жүйелерде академиялық адалдық қағидаттарын көрсетуге міндетті:
Кеңес пен Комиссияның келісілген жұмысы академиялық адалдықты қамтамасыз етудегі тұтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өзара іс-қимылдың үлгілері:
Мұндай өзара іс-қимыл оқиғаларды әділ қарауға және адалдық мәдениетін институционалдық деңгейде нығайтуға жағдай жасайды.
Академиялық адалдықты сақтау тек білім алушыларға ғана емес, сондай-ақ бағалау рәсімдерінің, ұсынылатын материалдардың дұрыстығы мен бұзушылықтарға жауапкершілікпен қарауға міндетті педагогтерге де қатысты. Педагогтер кәсіби әрі этикалық жауапкершілікке ие.
Академиялық адалдық тек бақылау емес, сонымен қатар білім беру үдерісінің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан әдейі жасалған бұзушылықтар мен адал ниетпен жасалған қателіктерді (мысалы, білім, тәжірибе немесе хабардарлықтың жетіспеушілігінен туындаған) ажырата білу маңызды. Мұндай тәсіл мектептің қолдаушы әрі дамытушы орта қалыптастыруына мүмкіндік береді, онда қателік - бұл жазалауға емес, оқытуға себеп болады.
Қателіктер көбінесе келесі себептерден туындайды:
Мұндай жағдайда қандай әрекет ету қажет:
Академиялық адалдықты бұзушылықтардың төменде ұсынылған жіктемесі білім алушыларға да, педагогтерге де қолданылады. Ден қою шаралары бұзушының санатына және бұзушылықтың ауырлық деңгейіне қарай сараланады.
Бұзушылықтар шартты түрде халықаралық тәжірибе негізінде (IB және Cambridge секілді бағдарламаларды ескере отырып) үш деңгейге бөлінеді:
Бұл жіктеу ден қою және алдын алу рәсімдерін жеңілдетуге көмектеседі.
Ескерту: Қателік пен бұзушылықты ажыратуда негізгі критерий – білім алушылардың ниеті мен әрекеттің саналы жасалуы. А санатындағы кейбір әрекеттер, егер олар әдейі емес, білместіктен туындаса, қателік ретінде қарастырылып, дамытушы шаралармен шешілуі тиіс.
Академиялық адалдықты бұзу түрлері, ден қою
және қалпына келтіру шаралары
1-кесте. Білім алушыларға қатысты
Бұзушылық санаты |
Мысалдар |
Ден қою шаралары |
Қалпына келтіру және дамытушы шаралар |
A – елеусіз бұзушылықтар |
Дереккөздерді қате рәсімдеу; ниетсіз көшіру; ережелерді білмеу (алғашқы рет); басқа адамның көмегін ішінара пайдалану (дербес жұмысты бұзбай) |
Түсіндіру әңгімесі |
Дереккөздермен дұрыс жұмыс істеуді үйрету |
B – орташа ауырлықтағы бұзушылықтар |
Жартылай плагиат; басқа білім алушылардың келісімімен көшіру; қайталанатын жеңіл бұзушылықтар; автор көрсетілмей идеяларды пайдалану |
Бағаны төмендету |
Рефлексия жазу |
C – ауыр бұзушылықтар |
Толық плагиат; бағаны қолдан бұрмалау; ghostwriting (тапсырыспен жазылған жұмыс); жүйелі түрде ережелерді бұзу |
Жұмысты жарамсыз деп тану |
Кеңес беру |
2-кесте. Педагогтерге қатысты
Санат |
Сипаттамасы |
Ден қою шаралары |
Қалпына келтіру және дамытушы шаралар |
A – елеусіз бұзушылықтар |
Ниетсіз (әдейі емес) бұзушылықтар: кездейсоқ көшіру; рәсімдеу талаптарын білмеу; материалдарды рәсімдеудегі ұқыпсыздық; бағалау критерийлерін білмегендіктен немесе байқаусызда бағаны дұрыс қоймау; сынып ерекшелігіне бейімдемей шаблондарды пайдалану
|
Ауызша ескерту Консультация Материалдарды түзету Мектептегі әдістемелік бірлестікте (ӘБ) талқылау
|
Семинарға қатысу Құжаттаманы түзету Рефлексия Түсіндірме жазба
|
B – орташа ауырлықтағы бұзушылықтар |
Жартылай плагиат, авторды көрсетпей басқа біреудің идеяларын пайдалану, қайталанатын дәлсіздіктер, бағалаудағы көзқарасқа байланысты әділетсіздік (пәсті көзқарас), оқу материалдарын білім беру ортасына және білім алушылардың ерекшеліктеріне тиісті бейімдеусіз пайдалану |
Жазбаша ескерту, мәселені педагогикалық кеңесте / Комиссияда / Этикалық кеңесте қарау |
Қайта даярлау семинарға қатысу |
C – ауыр бұзушылықтар |
Плагиат; аттестациялық материалдардағы деректерді қолдан өзгерту; бағаларды / есептілікті / іс-шараларды қолдан бұрмалау; бағалаудағы көзқарасқа байланысты әділетсіздік; басқа тұлғаның құжаттарын / әдістемелерін / материалдарын иемдену |
Тәртіптік шаралар |
Міндетті біліктілікті арттыру курсы Әкімшілік алдында есеп беру Рефлексия |
6.1. Академиялық адалдықты бұзды деп болжанған барлық жағдайлар мектептің жауапты тұлғасы немесе әкімшілігі тарапынан тіркелуге жатады.
6.2. Академиялық адалдық жөніндегі комиссия тіркеу сәтінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей шақырылуы және істі қарауға кірісуі тиіс.
6.3. Қарау рәсімі тіркеу сәтінен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей аяқталуы және шешім шығарылуы тиіс.
6.4. Қорытынды шешім комиссияның барлық мүшелері қол қоя отырып ресімделеді және оның көшірмесі қаралған іс қатысушысына (білім алушыға немесе педагогке) беріледі.
6.5. Қатысушы жазбаша немесе ауызша түсініктеме беруге құқылы, ол хаттамаға тіркеледі.
6.6. Қатысушы комиссия шешіміне мектептің жергілікті актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
7.1. Осы Ережелерге қосымша ретінде мектеп қауымдастығының әртүрлі қатысушыларына (білім алушыларға, педагогтерге және ата-аналарға) арналған қысқаша анықтамалық материалдар – ақпараттық жадынамалар ұсынылады.
7.2. Жадынамалар оқу жылының басында таратылады, сондай-ақ академиялық адалдық жөніндегі жауапты тұлға қатысушылардан алынған кері байланысты ескере отырып толықтыра және қайта қарай алады.
7.3. Жадынаманың мақсаты – академиялық адалдық туралы хабардарлықты арттыру және Ережелерді күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде практикалық қолдануды жеңілдету. Оларды жүйелі пайдалану адалдық мәдениетінің тұрақты қалыптасуына және әдейі емес бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.
7.4. Жадынамалар ақпараттық стендтерде, қағаз немесе электрондық күнделік беттерінде, оқу кабинеттерінде, мұғалімдер бөлмесінде, әдістемелік бұрыштарда немесе цифрлық ортада (мектеп платформалары, мессенджерлер, презентациялар, чаттар және т.б.) орналастырылуы мүмкін.
7.5. Бұл материалдар көрнекі және есте сақтауға оңай еске салғыш рөлін атқарады: олар ықшам, визуалды, үнемі пайдалануға қолжетімді және мінез-құлықтың негізгі қағидаларын тез еске түсіруге көмектеседі.
7.6. Жадынамалар осы Ережелердің негізінде, сондай-ақ халықаралық тәжірибелерді (IB, Cambridge, OECD және т.б.) ескере отырып әзірленген.
8.1. Осы Ережелер мектеп директоры бекіткен сәттен бастап күшіне енеді.
8.2. Білім алушыларды, педагогтерді және ата-аналарды Ережелермен таныстыру оқу жылының басында қолхат арқылы жүргізіледі.
8.3. Ережелер кемінде әр үш жылда бір рет немесе қажет болған жағдайда қайта қаралады.
Пайдаланылған дереккөздер тізімі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. (2025). Мектепте академиялық адалдықты қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар (137 б.). Астана. https://uba.edu.kz/storage/app/media/22222%20%20RRRRRR%20%20SSSSS.pdf
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. (2023). ҚР МЖБС негізінде мектеп ортасында академиялық адалдықты қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Назарбаев Зияткерлік мектептері. (2020). Академиялық адалдық саясаты. https://nis.edu.kz
Organisation for Economic Co-operation and Development. (2018). Integrity in education: A review of the literature and practices. https://www.oecd.org/education/integrity-in-education.htm
UNESCO International Institute for Educational Planning. (n.d.). Etico platform: Promoting ethics and integrity in education. https://etico.iiep.unesco.org
International Center for Academic Integrity. (n.d.). Fundamental values of academic integrity. https://www.academicintegrity.org
International Baccalaureate Organization. (2022). Academic integrity policy guidelines. https://ibo.org
Council of International Schools. (n.d.). Guiding principles on academic integrity. https://www.cois.org
Қосымша 1
Академиялық адалдықты бұзу туралы акт
Күні: _____________
Білім алушыларның тегі, аты, әкесінің аты: _________________________________
Сыныбы: ____________
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты:_________________________________________
Бұзушылықтың сипаттамасы (бұзушылық түрі, жағдайлар, оқу пәні, қызмет түрі және т.б.):
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________
Педагогтің қолы:________________________
білім алушының қолы (келісім болған жағдайда): ________________
Академиялық адалдық ережелерімен танысу
туралы үлгі бланкілер
Мен, ________________________________________________________, сынып оқушысы, ____________ мектебі, Академиялық адалдық ережелерімен таныс екенімді және оларды сақтауға міндеттенетінімді растаймын.
Күні: «_» _______________ 20 __ж.
Оқушының қолы: _____________________
Мен, _______________________________________, оқушының ата-анасы/заңды өкілі ___________________________________, академиялық адалдық ережелерімен таныс екенімді растаймын.
Күні: «_» _______________ 20__ ж.
Ата-ананың/өкілдің қолы: _____________________________
Мен, ______________________________________________________, педагог __________________________, академиялық адалдық ережелерімен таныс екенімді және кәсіби қызметімде оларды ұстануға міндеттенетінімді растаймын.
Күні: «_» _______________ 20__ ж.
Педагогтің қолы: _____________________________
БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
Академиялық адалдық нені білдіреді?
Бұзушылықтан қалай аулақ болуға болады?
ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
APA стилін пайдаланып дереккөздерді рәсімдеу бойынша
Жобалар, баяндамалар, презентациялар және басқа да жұмыстарды дайындау кезінде ақпарат алынған дереккөзді көрсету маңызды. Бұл — академиялық адалдықты сақтау талабы.
APA дегеніміз не?
APA (American Psychological Association) - дереккөздерді рәсімдеудің халықаралық стилі. Ол авторды, шыққан жылын және ақпарат көзін (кітаптар, сайттар, бейнематериалдар, презентациялар және т.б.) дұрыс көрсетуге көмектеседі.
Неліктен APA бойынша рәсімдеу керек?
APA бойынша қалай рәсімдеу керек?
Дереккөздер тізімінде (жұмыстың соңында):
Дереккөз түрі
|
APA бойынша рәсімдеу үлгісі |
||
Кітап (жоба үшін) |
Сейдахметова, Р. Ж. (2022). Қазақтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері. Алматы: Ана тілі. |
||
|
Биология. 8-сынып. (2021). Астана: Мектеп. |
||
Ағылшын тіліндегі топик бар сайт |
Ust.kz. (2023). Топик “My Family” с переводом. https://ust.kz/word/topik_my_family_s_perevodom.html
|
||
|
BilimLand. (2023, 5 сәуір). Present Simple VS Present Continuous[Бейне]. YouTube. |
||
Сыныптасының презентациясы |
Турсынова, А. (2023). The importance of healthy food[PowerPoint презентациясы]. Автордың рұқсатымен пайдаланылған. |
Мәтінде (басқа автордың идеяларын пайдаланғанда):
Дұрыс емес тәсілдер:
Чек-парақ: Жұмыс адал орындалған, егер …
Мәтін қайта тұжырымдалса да, авторлықты көрсету міндетті.
Бұл ереже әрқашан қолданылады - кез келген сыныпта, кез келген деңгейде.
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
Педагог үшін академиялық адалдық нені білдіреді?
Осы жадынаманы мынадай мақсатта пайдаланыңыз:
Білім алушыларға Ережелерді түсіндіріңіз:
Әділ әрекет етіңіз:
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
APA стилін пайдаланып дереккөздерді рәсімдеу бойынша
Егер сіз оқулықтардан, сайттардан, бейнематериалдардан немесе презентациялардан ақпарат пайдалансаңыз, дереккөздерді адал көрсетіп, оны APA стилімен рәсімдеуіңіз қажет.
APA дегеніміз не?
APA (American Psychological Association) - дереккөздерді рәсімдеудің халықаралық стилі. Ол авторды, шыққан жылын және ақпарат көзін (кітаптар, сайттар, бейнематериалдар, презентациялар және т.б.) дұрыс көрсетуге көмектеседі.
APA не үшін қажет?
APA бойынша дұрыс рәсімдеу үлгілері (әдебиеттер тізімінде):
Кітап (бір автор)) |
Ахметова, А. А. (2023). Тілдік дағдыларды дамыту. Алматы: Білім. |
Авторы жоқ оқулық |
Биология оқулығы (8-сынып). (2021). Астана: Мектеп. |
Мемлекеттік құжат |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі. (2022). Бағалау әдістемесі. https://gov.kz |
Әріптес материалдары (келісім бойынша) |
Қалыкова, Л. Р. (2021). «Дауысты дыбыстар» тақырыбы бойынша сабаққа арналған презентация [PowerPoint презентациясы]. Автордың рұқсатымен пайдаланылған. |
Бейнематериал (YouTube) |
BBC Learning English. (2020, 15 наурыз). How to use conditionals [Бейне]. YouTube. |
Презентация на SlideShare |
Нұрғалиева, Д. (2021). Methods of teaching vocabulary [Презентация]. SlideShare. https://www.slideshare.net/12345 |
Мәтіндегі сілтеме үлгілері
(сабақ жоспарларында, әдістемелік материалдарда, презентацияларда):
Есте сақтаңыз:
Адал және адал емес үлгілер:
Мәтінде (басқа автордың идеясын пайдаланғанда):
Адал:
Дереккөздер тізімінде (жұмыс соңында):
Адал:
Адал емес:
Өзіңізді тексеріңіз:
Жас ерекшеліктеріне сәйкес пайдаланылған дереккөздер тізімін дұрыс рәсімдеу үлгілері:
Жас тобы |
Кітап |
Авторы жоқ оқулық |
|
SlideShare презентациясы |
||
6–10 жас (1–4 сыныптар) |
Автордың аты-жөні. Кітап атауы.
Джек Кент. Семіз мысық. |
Оқулық атауы. (Жылы). Мысал: Музыка оқулығы (2-сынып) |
Сайтқа немесе бейнематериалға сілтеме (онлайн болса – URL).
|
Сайтқа немесе бейнематериалға сілтеме (онлайн болса – URL).
|
||
11–12 жас (5–6 сыныптар) |
Автор. (Жылы). Атауы. Дереккөз түрі.
Мысал:
|
Оқулық атауы (Сынып). (Жылы)
Мысал: |
Сайт атауы. Бет немесе мақала атауы. URL
Мысал: National Geographic Kids. Барлығы жолбарыстар туралы. https://kids.nationalgeographic.com/animals/mammals/facts/tiger
|
Атауы. URL
Мысал: Барлығы жолбарыстар туралы. https://nsportal.ru/.....ppt
|
||
13–15 жас (7–9 сыныптар)
|
Автор, И. И. (Жылы). Жұмыс атауы. Баспасы немесе сайт атауы.
Мысал: |
Оқулық атауы (Сынып). (Жылы). Баспасы.
Мысал: Астана: Мектеп |
Сайт атауы. (Жылы). Бет немесе мақала атауы. URL
Мысал:
|
Автор (Жылы). Атауы [Презентация]. URL
Мысал: Nurgaliyeva, D. (2021). Methods of teaching vocabulary [Презентация]. SlideShare. https://www.slideshare.net /12345 |
||
16–18 жас (10–11(12) сыныптар) |
APA форматы
Мысал: |
Оқулық атауы (Сынып) (Жылы). Қала: Баспасы.
Мысал: |
Сайт атауы. (Жылы).
Бет немесе мақала атауы. URL
Мысал: UNICEF. (2023). Төтенше жағдайларда балаларды қорғау. www.unicef.org
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. (2022) Климаттың өзгеруі және денсаулық.https://www.who.int
|
Автор (Жылы). Атауы [Презентация]. URL
Мысал: Nurgaliyeva, D. (2021). Methods of teaching vocabulary [Презентация]. SlideShare. https://www.slideshare.net /12345 |
Назар аударыңыз! Республикалық және халықаралық деңгейдегі жоба жұмыстарын жазу кезінде әдебиеттер тізімі APA стиліне сәйкес рәсімделуі тиіс.
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
Академиялық адалдық не үшін қажет?
Сіз қалай көмектесе аласыз?
Нені есте сақтау маңызды?
Егер бұзушылық орын алса: