Текст
13.05.2026
Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының дизайн студиясы мен бейнелеу өнері үйірмесінің тәрбиеленушілері Балғаш Әлімхан, Прокопчук Лидия, Пономарев Михаил, Ходыкина Алена, Жусупова Азалия қатысқан «Бояулар құпиясы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды:
🥇 Прокопчук Лидия - «Тірі планета» номинациясында 10-13 жас санатында І орын;
🥈 Жусупова Азалия - «Бейбітшілік пен мейірімділік біздің қолымызда» аталымында ІІ орын.
Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз - О.А. Гильманова мен Е.И. Незальзоваға одан әрі шығармашылық табыстар, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз! 🎨