"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢАТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР - ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЦЕНТР ДЕТСКО - ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылы жаңа редакциядағы жарғы

«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша

 білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласы балалар-жасөспірімдер шығармашылығының орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ережелер

         1. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласы балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

         2. Кәсіпорынның құрылтайшысы Ақмола облысының әкімдігі болып табылады.

         3. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Ақмола облысы Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.

         4. Кәсіпорынның атауы: «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласы балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

         5. Кәсіпорынның орналасқан жері: 020400 Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Стадионная көшесі, «Локомотив стадионы»

2. Кәсіпорынның заңды мәртебесі

         6. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.

         7. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпорын заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

         8. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.

         9. Кәсіпорын жасаған және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі.

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

         10. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты қосымша білім беру саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

         11. Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

-білім беру процесі «Білім туралы» Заңның 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі»;

- 1-14 қыркүйек аралығында бірлестіктерді жасақтау жүріп жатыр,                             15 қыркүйектен бастап оқу сабақтары басталады;

- бір жастағы және әртүрлі жастағы балалар, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалар қызығушылықтары бойынша үйірмеге, клубқа, студияға, топқа бірігеді;

- Кәсіпорын күнтізбелік жыл бойы білім алушылармен оқу-тәрбие жұмысын, оның ішінде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасай отырып ұйымдастырады;

- Кәсіпорын жаппай іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, балалардың, ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің бірлескен жұмысы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасайды;

-сабақ кестесін білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес білім алушылар үшін қолайлы режим жасауды, олардың жас ерекшеліктерін, ата-аналардың тілектерін ескере отырып, кәсіпорын әкімшілігі жасайды және бекітеді.

         14. Басшының кәсіпорынның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруына бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік  шараларын қолдануға әкеп соғады.

         15. Кәсіпорын мен ата-ананың өзара әрекеті басшы, ата-анасының бірі (заңды өкілі) тұлғасы арасындағы   жасалған шартпен реттеледі.

4. Кәсіпорынды басқару

         16. Ақмола облысының әкімдігі:

1) кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорынның жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

3) коммуналдық мүлікті кәсіпорынға бекітіп береді;

4) кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

5) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

         17. Тиісті саланың уәкілетті органы:

1) қызметтің басым бағыттарын және кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) міндетті көлемдерін айқындайды;

2) кәсіпорынның даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

3) кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

4) кәсіпорын мүлкінің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

5) кәсіпорын мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

6) кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын белгілейді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.

         18. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

         19. Тиісті саланың уәкілетті органы кәсіпорын басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

         20. Кәсіпорын басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

         21. Басшы:

1) кәсіпорын атынан сенімхатсыз әрекет етеді және барлық органдарда оның мүддесін білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банк шоттарын ашады;

6) кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шартын бұзады, көтермелеу және  жаза шараларын қолданады;

8) өз орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады;

9) өз орынбасарларының және кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

10) дербес жауапты болады:

кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі және мүлкінің сақталуына;

таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аудармауына;

кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыруға;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

         22. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен кәсіпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.

5. Кәсіпорынның мүлкі

         23. Кәсіпорынның мүлкін құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.

         24. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар бойынша, оның ішінде кәсіпорын қызметкерлері арасында бөлуге болмайды.

         25. Кәсіпорынның мүлкі мыналардан құралады:

1) оған меншік иесі берген мүлікті;

2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

         26. Кәсіпорынның қарамағында оның жарғылық мақсаттарында көзделген қызметті қамтамасыз ету үшін оған қажетті не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлік қана бола алады.

         27. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, оралымды басқару құқығына ие болу және оны тоқтату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптармен және тәртіппен жүзеге асырылады.

         28. Жедел  басқарудағы мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша сатып алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның оралымды басқаруына түседі.

         29. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иесінің шешімінде өзгеше белгіленбесе, меншік иесі оны Кәсіпорынға бекітіп беру туралы шешім қабылдаған мүлікке оралымды басқару құқығы Кәсіпорында мүлікті өз балансына бекітіп берген кезде туындайды.

         30. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

         31. Кәсіпорынның мүлкін жедел басқару құқығы меншік құқығын тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 249-бабында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша, сондай-ақ "мемлекеттік мүлік туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 144, 154, 162-баптарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

         32. Кәсіпорын Жарғының 38-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне бекітілген, Негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге, дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға Жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен ғана құқылы.

         33. Кәсіпорын оған жедел басқару құқығымен бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

6. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру

         34. Кәсіпорынның қызметі бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған                  өз табысы есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

         35. Кәсіпорын таза табыстың бір бөлігін тиісті бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

         36. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімдер мен басқа да материалдарды                      өз бетінше сатады.

         37. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Жарғыда көзделмеген қызметті жүзеге асырудан кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қойылуға жатады.

7. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

         38. Кәсіпорынның жарғылық капиталы жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін меншік иесінен басқаруға алынған мүліктен қалыптасады.

8. Кәсіпорынның есебі және есептілігі

         39. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына және Ұлттық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес кәсіпорын басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

         40. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігіне бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығындар туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба кіреді.

9. Кәсіпорынның жауапкершілігі

         41. Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі қаржы қаражатымен жауап береді. Қаржы қаражаты жеткіліксіз болған кезде әкімшілік-аумақтық бөлініс оның міндеттемелері бойынша тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

         42. Кәсіпорын мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

10. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

         43. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі «азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы                               31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен белгіленеді.

11. Еңбек ұжымымен өзара қарым-қатынас

         44. Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

         45. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

12. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

 

         46. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.

         47. Таратылған Кәсіпорынның кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін Құрылтайшы қайта бөледі.

         48. Таратылған Кәсіпорынның қаржы қаражаты  кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған осы кәсіпорынның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

13. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

         49. Коммуналдық Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды Құрылтайшы енгізеді.

Жаңартылған күні: 24.08.2023 11:27
Құрылған күні: 24.08.2023 11:27

Текст