«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК
2025 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есепті ұсынады.
Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет: «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК ведомстволық бағынысты білім беру ұйымы. Заңды мекен-жайы Атбасар қаласы, Мұстафа Шоқай көшесі, 50 ғимарат.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2025 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК үш мемлекеттік қызмет көрсетті:
- балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын қызметке тағайындау, қызметтен босату ережесін бекіту туралы;
- педагогтарды аттестаттаудан өткізудің ережелері мен шарттары.
2025 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» 110 қызмет көрсетті.
Қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі) - 110 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетілді.
3. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурсында орналастырылған http://vs0002.atbasar.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2025 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес 2 мақала мен 1 тікелей эфир жариялады. Ай сайынғы негізде көрсетілетін қызметті берушінің БАҚ, интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
6. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігі.
Білім беру саласында қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсетеді, 2024-2025 жылдары 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақыланады.
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағым түскен жоқ.
8. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.
Қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2026 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2026 жылы жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.