"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢАТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР - ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЦЕНТР ДЕТСКО - ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дармарка» қайырымдылық жәрмеңкесі.

05.09.2024

29 тамызда оқу жылының басталуы қарсаңында «Атбасар қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК «Jas Ulan Team» еріктілер ұйымы Шульгина Ольга Ивановнаның жетекшілігімен «Локомотив» стадионы аумағындағы жабық хоккей кортында «Дармарка» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Бұл шара игі дәстүрге айналып, төрт жылдан бері жылына үш рет жүйелі түрде өткізіліп келеді. Ұйымымызға жақсылық жасаған жанашыр жандардың арқасында Атбасар қаласы мен Атбасар ауданындағы 18 аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге қол жеткіздік.Балалар ойыншық таңдап, мектеп формасын киіп көруі қуантты. Жәрмеңкеге атсалысқандардың барлығына көмектері мен ынтымақтастықтары үшін алғыс айтамыз. Достар, сіздердің әрқайсысыңыз Дармарка қатысушысы бола аласыз және бізге ойыншықтарды, заттарды, аяқ киімдерді және т.б. әкеле аласыз. Жақсы істерді бірге жасайық!

Просмотров: 938


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст