Текст
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 18-20 тамыз аралығында «Шеберлер қаласы: ата - бабалар мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» өлкетану сәндік – қолданбалы шығармашылығының облыстық онлайн көрме-байқауы өтті.Байқауға БЖО тәрбиеленушілері: Лихолетова Екатерина, Фрошалова Анастасия, Уразалинова Томирис қатысты. Лихолетова Екатерина «Тастанды материалдан жасалған бұйым» номинациясында микс – медиа стиліндегі «Тыныштық» деп аталатын сурет 1 жүлделі орынға ие болды , грамотамен және планшетпен марапатталды. Белсенді қатысқаны үшін сертификаттар берілді.