2018 жылдың 23 ақпанынан 24 ақпанына дейін Көкшетау қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас суретшілердің «Бояулар құпиясы» облыстық конкурсы өтті. Байқаудың мақсаты - мектеп оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерінің көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, оларды бейнелеу өнерімен кәсіби бағдарлауды ынталандыру. Ақмола облысының 97 жас суретшісі қатал және құзырлы қазылар алқасына 110-ға жуық жарқын және түпнұсқалық картиналар ұсынды. Атбасар ауданының 10 оқушысы: №1 мектеп, №2 мектеп, №5 мектеп, Тельман мектебі, Мариновка мектебі, Покровка мектебі және «БЖО» тәрбиеленушілері қатысты. Қазылар алқасы қорытындылай келе, Марченко Диананың (Тельман мектебі) және Кошман Аринаның (БЖО) жұмыстарын ерекше атап өтті. Барлық қатысушылар сертификаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жүрек түбінен: Кошман Аринаны, Гладырева Надежданы, Малолетко Валерияны, Матрос Анастасияны, Зиборов Сергейді, Калюта Николайды, Марченко Диананы, Черепанова Иринаны, Гусак Аринді және Аканова Аруэльді құттықтаймыз. Оларға шығармашылық табыс және одан әрі жеңістер тілейміз!