"Атбасар ауданының білім бөлімі жанындағы балалар жасөспірімдер орталығы" МКҚК 2019 жылға мемлекеттік қызмет көрсету қызметі бойынша туралы есеп
"Атбасар ауданының білім бөлімі жанындағы балалар жасөспірімдер орталығы" МКҚК өз қызметін Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
"Атбасар ауданының білім бөлімі жанындағы балалар жасөспірімдер орталығы" МКҚК директорының бұйрығымен Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға бекітілді.
"Атбасар ауданының білім бөлімі жанындағы балалар жасөспірімдер орталығы" МКҚК мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
2019 жылы "Атбасар ауданының білім бөлімі жанындағы балалар жасөспірімдер орталығы" МКҚК барлығы 45 қызмет көрсетілді: оның ішінде "балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет стандарты» - 43; "мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - 2.
Қосымша білім беру ұйымында қажетті құжаттар пакеті көрсетілген қызмет көрсету уақыты, орны туралы барлық қажетті ақпарат корсетiлген стендте орналастырылған.
2019 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.