Текст
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) — ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы. Абай халықты ағартуға жәрдемдесу үшін Шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, осы мәдениеттің негіздерін өз халқына көрсете білді.
Ұлы Абайдың Қара сөздері-Қазақ ұлттық педагогикасына Асыл арна ретінде енген педагогикалық (тәрбиелік) тұжырымдар. Абай өлеңдері еңбекке, ғылымға, өнерге, адамгершілікке тәрбиелейді. Абай отандық мәдениет пен әдебиетте ерекше орын алады.