2017 жылғы 16 ақпан күні Балалар жасөспірімдер орталығында Атбасар қаласы мектептер арасында шахматтан турнир өтті. Балаларды қолдауға мұғалімдер, ата-аналары, достары мен таныстары келді. Жарыс барысында қатысушылар, сенімді ойынды және ерекше ойлау қабілеттерін көрсете білді. Іс-шараға 9 команда қатысты. «Қысқы кезеңде балаларда көп бос уақыт пайда болады. Олар сол уақытты пайдалы өткізгендері маңызды. Шахмат ойыны балалардың логикалық ойлау қабілетін, тапқырлық, бақылаушылық және жадын жаттықтырып дамытады,. Шахмат әрқашан үстел ойындарыныңең танымал түрі болатын. Осындай жарыстар оқушылардың үшін бұл спорт түріне қызығушылықтарын арттыратынына сенімдімін. Шахмат стратегиясын әзірлеу және сынау процесі жеке тұлғаны дамыту үшін оң әсер етеді» - оқушылар үшін зияткерлік ойындардың мәні туралы «Белая ладья» шахмат үйірменің жетекшісі Игорь Николаевич Забанов атап өтті. Қызықты және шиеленісті ойындар нәтижесінде 1-ші орынға қосымша көрсеткіштер бойынша №1 ОМ командасы ие болды, құрамында: Назмиев Арыстан және Тулепбергенгов Даулет, 2-ші орында №2 ОМ, құрамында: Берденов Абай және Дюсембаев Даулет және 3-ші орынды №4 ОМ, құрамында: Досов Мади және Досов Али. Оларға сәл жол берген БЖО командасы, құрамында: Батышев Азат және Жуковский Антон,№1 ОМ екінші командасы, құрамында: Овеян Карен және Терзиди Николай және №7 ОМ, құрамында: Трарканова Замзагуль және Серкебаев Асылбек. Барлық жеңімпаздар БЖО мақтау қағаздарымен марапатталды.