2016-2017 оқу жылына арналған «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмыс жоспары негізінде 1 сәуір күні №2 ОМ «ҮздікҰланбасы-2017» атты мектеп оқушылары арасында аудандық байқау өткізілді. Мақсаты: «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қызметтерін анықтау, көшбасшылық қабілеті бар жасөспірімдерді табу және олардың көшбасшылық әлеуетін дамытуға ықпал ету, әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыру, аудан оқушыларына, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Байқауға қала және аудан мектептерінен 15-і ұланбасы қатысты. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: «Мен және менің ұйымым» визит карточкасы, «Мәңгілік ел – менің арманымның елі» шығармашылық портфолио және жобаны қорғау. Іс-шараның қонақтары мен қазылар алқасы: БЖО директордың м.а. О. И. Шульгина, білімбөлімінің әдіскері Б. К. Овеян, мектепке дейінгі тәрбиелеудің әдіскері Ю.В.Камбарова және БММ-нің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Т. В. Коцюба. Конкурс қорытындысы бойынша «ҮздікҰланбасы-2017» атағын №3 ОМ оқушысы Жусанов Әлішер ие болды, Әлішер Гран-при дипломмен және кубокпен марапатталды. «Үздік жоба» номинациясы бойынша №2 ОМ оқушысы Оспанова Жұлдызай дипломмен марапатталды, «Үздік визит карточкасы» номинациясында дипломмен №1 ОМ оқушысы Сәдуақасова Камила марапатталды және «Ең үздік портфолио» дипломымен №7 ОМ оқушысы Жайсанбай Айбек марапатталды. Жобаларды ұйымдастыру, сондай-ақ, өздерінің көшбасшылық қасиеттері бойынша келесі қатысушылардың шығармашылығын ерекше атап өткім келеді: Карибаева Даяна №5 ОМ, Комбатурова Айжан №8 ОМ, Гомер Вероника Ново-Александровка №1 ОМ. Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.