2017 жылдың 15 және 17 наурыз аралығында Көкшетау қаласында «Достар» МҮ Виктория Юрьевна Манукян басшылығымен «Родничок» би ұжымы балалар және жастар шығармашылығының ІІІ-республикалық хореография фестиваліне «Жас Өнер: әлем мәдениеті жолында!» қатысып, балаларға әлемдік хореографиялық өнерге баулуды, ұлттық мәдениеттің жетіле түсуіне, мәдени бағыттарды тәрбиелеуге, рухани дүниесін, адамгершілікке, мәдениетке, сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Фестивальдің негізгі мақсаты: балалар мен жастар би шығармашылығын қолдау және дамыту факторы ретінде рухани-адамгершілікті қолдау және дамыту, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы. Конкурстық бағдарлама жас ерекшеліктеріне байланысты 5-тен 22 жас аралығында өтті. Қазылар алқасы құрамына хореографияның атақты шеберлері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері, орындаушылар, режиссерлер, оқытушылар, хореография және сахналық шеберлік мұғалімдері кірді. Біздің «Родничок» би ұжымы екі биді көрсетті: қазақ биі «Аққу» және орыс халқының айшықты биі. Біздің ұжымының шеберлігі жоғары бағаланды, құзыретті қазылар алқасы фестивальдің қорытындысы бойынша біздің ұжымды 2-ші дәрежелі медальмен және дипломмен марапаттады, ал әрбір қатысушы сертификат алды. Балалар әлеуметтік бастамаларын қолдау және өткізуге жәрдемдескені үшін «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ жетекшісі Н.Наймушина және «БЖО» МКҚК директордың м. а. О. Шульгина «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ алғыс хаттармен марапатталды. Әр ұжым осы фестивальге қатысудан оң эмоциялар мен әсерлер алды. Фестиваль соңында барлық ұжымдар сахнада жиналып жалпы естелік суретке түсті.