"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢАТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР - ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЦЕНТР ДЕТСКО - ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 YouTube

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТЕАТР – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ - ТАЛАНТ

14.04.2017

8 мен 10 сәуір аралығында Шахтерлер астанасында «ТтТ» «Театры–өнер–Талант» атты бірінші халықаралық театр фестиваль-конкурсы өткізілді. Бұл фестивальді ұйымдастыру үшін Думан Әкімі шығармашылық орталығы және Қарағанды қаласының «№ 1 өнер мектебі» КМҚК үлкен үлесін қосты. Фестиваль, өнер мектептерін, қосымша білім беру мекемелерінің, колледждер, өнер университеттерінің, кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) театр ұжымдарының 6 жастан 25 жасқа дейін балалар мен жасөспірімдерді жинады. Не үшін? Көпұлтты шығармашылықты қолдау үшін, тәжірибе алмасуға, педагогтардың кәсіби шеберлігін жылдамдату және кез келген өнер түріне жастарды баулу. 2017 жылдың 8 сәуір күні аты аңызға айналған Қарағанды музыкалық комедия театрының сахнасында театрлық ұжымдар өздерінің жарқын актерлік қабілеттерін сахналық шеберлігімен әр түрлі жанрда көрсетті.Байқау кезінде театр залында жоғары өнердің шығармашылық атмосферасы сақталды. Байқауға қатысушыларды Астана қ. Қазақ ұлттық өнер университетінің мұғалімдері, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы мәдениет қайраткерлері бағалады. «Спектакль» номинациясы бойынша 15 театр ұжымы қатысты, соның ішінде біздің «Молодость страны» театр ұжымы екі көріністі «Темекі тартатын қарға» комедиялық ертегісін көрсетіп, 11-13 жас аралығындағы 3-ші дәрежелі дипломға және кубокқа ие болды. 9 сәуір күні «Балалар өнер мектебі № 1» КМҚК қатысушыларға екі номинацияда қатысу керек болды: көркем сөз және өзіндік жанр. Біз «Көркем сөз» номинациясы бойынша қатыстық. Оля Мазина Жан де Лафонтеннің «Ескі мысық жас тышқан» мысалын және А. Дольскойдың «Жұлдызша» өлеңін оқыды, София Шульгина П. Давыдовтың «Ардагерлер кетеді» және М. Жәлелдің «Ана махаббаты» өлеңдерін оқыды.. Қыздар «Жас шешендер» номинациясы бойынша дипломдармен және кубоктармен марапатталды. Фестиваль аясында Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының мәдениет қайраткерлері сертификаттар бере отырып, ұжым жетекшілеріне танымдық мастер-класс ұсынды. Конкурстық күн керемет гала-концертпен және марапаттау рәсімімен аяқталады. Көктемгі фестиваль дарынды конкурсанттарға күлкі мен көптеген жеңістер әкелді. Көптеген конкурсанттар тарихи Қарағанды қаласына алғаш рет келді, қаланың көрнекті жерлерін көріп және өздерінің талантын көрсете білді.

 

Просмотров: 302


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст