2017 жылдың 15-16 сәуір күндері Көкшетау қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 3 облыстық мектеп-интернатында Ақмола облысының білім басқармасының, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қолдауымен 6-11 сынып мектеп оқушыларымен және қосымша білім беру ұйымдарыдың ашық облыстық пікір-сайыс турнирі өткізілді. Облыстық турнир Қазақстандық қауымда орын алатын өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылау арқылы облыс шәкірттерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырып, нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қарастыру, оқушылардың лидерлік, ораторлық қабілеттерін одан әрі пікірталас қозғалысын насихаттау мақсатында өткізілді. Турнир Американдық парламенттік форматта (командада 2 қатысушыдан) мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті. Турнирге 20 топ қазақ тілінде, 13 топ орыс тілінде, жалпы саны 100-ге жуық пікір-сайысшылар қатысты. Турнирдің кубогы үшін күресуге, жалпы білімімен бөлісуге және тәжірибе алмасуға БЖО-ның ең үздік тәрбиеленушілері: Гадамуров Рамзан, № 2 ОМ, 9 «д» оқушысы және Қозыбағарова Ақтоты, № 2 ОМ, 9 «д» оқушысы барды. Дахай Балерке «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы үйлестірушінің басшылығымен біздің балалар шешендік шеберліктерін көрсетіп, өз пікірлерін дәлелдеуді көрсете білді: сапалы мамандарды дайындау жолдары; еліміздің жастар саясаты (жетістіктер мен кемшіліктер); «Алаш» қозғалысының негізгі жетістіктері; патриотизм бүгінгі жастар үшін тән қасиет пе және жастар мәдениетін арттыру жолдары. Күрес қызықты болды, сұрақтарға жауап ойластырылған және дәл берілді. Айтуынша, турнир кезінде барлық пікірталас ережелері сақталды: анықтау жүйесі, дәлелдеу, қолдау және дәлелдемелер, қарама-қарсы сұрақтар. Гадамуров Рамзан және Қозыбағарова Ақтотының айтуы бойынша дәл осындай пікір-сайыс турнирлерін Атбасар қаласында да жүргізу қажет, себебі, мұндай іс-шаралар оқушылардың патриоттық тәрбиесіне әсер етеді. Пікір сайыс – танымдық, қызықты ойын, бұл ойынға қатысу барысында қажетті білімдерге, дағдыларға, көп жаңашылдық және біліктілкке үйренуге болады: сын тұрғысынан ойлай білу, көпшілік алдында сөйлеу, сөйлеу мәнерін дұрыс құруға, ақпаратпен жұмыс істеуге, қажеттісін іріктеп және маңызды ұстау, жазу және тыңдау және құрдастарымен жақсы қарым қатынас орнату. Олардың пікірінше, пікір-сайыс балаларды мәні бойынша өз пікірін білдіруді үйретеді және дәлелдеу базасы бар; әңгімелесушіні асықпай тыңдау, өз пікірін тұжырымдай білу; тек фактілер сүйеніп және жүйелік қажетті ақпаратты іздестіру. Балалар барлық міндеттерді, тапсырмаларды жақсы орындап шықты, оған дәлел алғыс хат және келесі облыстық пікір-сайыс турниріне шақыру болды.Облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы біздің балаларды ерекше атап өтті, оқушылар оқу-әдістемелік орталығы мен Ақмола облысы білім басқармасының өкілдеріне өздері туралы көп жағымды эмоциялар ең қалдырды. Турнир аяқталды, бірақ қатысушылар жаңа жарыстарға және кездесулерге дайын. Біз шын жүректен Гадамуров Рамзанды және Қозыбағарова Ақтотыны құттықтаймыз және оларға жаңа жеңістер тілейміз!