20 қыркүйек күні "Әлем" қоғамдық бірлестігінің 15 тәрбиеленушілерімен өрт сөндіру бөлімінде экскурсия өтті. ТЖБ инженері, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты азаматтық қорғаушы А. Д. Какимжанова экскурсияның ұйымдастырушысы болып табылады. Ол өрт сөндірушілер жұмысы, жұмыс ерекшеліктері туралы және өрттердің саны туралы балалармен әңгімелесті. ТЖБ аға инженері, Атбасар ауданының аға лейтенанты азаматтық қорғаушы Б. Ж. Шабезов атты өрттің туындау себептеріне баса назар аудара отырып, балаларға көптеген танымдық әңгімелер айтты. ТЖБ қызметкері оқушыларға өрттің куәгері болған жағдайда, қандай іс-әрекет жасауға және қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Болашақта ТЖБ қызметшісі боламын деген балаларға, Б.Ж.Шабезов қандай сынақтардан өту керектігін түсіндірді. Ең белсенді оқушылар сұрақтар қойды. Атбасар қаласының МӨСБ-4 аға инженері, кіші сержант азаматтық қорғаушы М. А. Имекешов балаларды өрттерді сөндіру құралдарымен, арнайы техникамен, өрт-техникалық құрал-жабдықтармен, диспетчердің жауапты жұмысымен таныстырды. Саяхаттағы ең қызығы өрт сөндіру мен техника және киім–кешек. Балалардың қуанышына қарай, киім кешектерді киуге, машиналарды зерттеуге, рульде отыруға рұқсат берді. Содан кейін өрт қорғаушылары сиреналарды қосып көрсетіп, кезекті шақыруға кетті. Балалар өздерінді өрт қорғаушылары ретінде елестетіп, үйге жиналды.