Атбасар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, 30 қыркүйек күні аудандық Мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс шара аясында үздік ұстаздар Аудан әкімінің,Атбасар аудандық білім бөлімінің, білім Басқармасының және "Нұр отан" мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Марапатталғандар арасында – жас және еңбек сіңірген мұғалімдер, қосымша және кәсіптік білім беру, коррекциялық кабинеттер, мектепке дейінгі педагогикалық қызметкерлер. Қосқан үлесі үшін, ұйымдастыру және оқу-тәрбие процесін жетілдіру, кәсіби шеберлігі,педагогикалық талант, жан жомарттық және шығармашылық жұмысы үшін , қосымша білім беру педагогы, "Қиялшылар" сәндік-қолданбалы үйірме жетекшісі Энглер Ирина Николаевна Атбасар аудандық білім бөлімінің грамотасымен марапатталды.Ирина Николаевнаны шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық жетістіктер тілейміз!