"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢАТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР - ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЦЕНТР ДЕТСКО - ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 YouTube

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есіл қаласындағы аймақтық КВН

08.11.2017

2017 жылдың 4 қарашасында Есіл қаласындағы аудандық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде аймақтық 2017-2018 КВН лигасының іріктеу кезеңі өтті. Байқау КММ  " Жастар шығармашылық үйі " Есиль қ. жастар ресурстық орталығымен қоса, КВН ойындарын ынталандыру мен шығармашылық қабілеттерін дамыту және насихаттау  мақсатында ұйымдастырылды. Жалпы тақырыбы - "Шексіз достық!" 7 команда "Визитка" номинациясы бойынша көрермендерді жарқылдаған  әзілмен, жалынды әндерімен және жарқын актерлік ойындарымен  қуантты. Бір сахнада өнер айдынына жаңадан бастаған Квнщиктарымыз және атақты ойыншылар қосылды. Атбасар ауданының «Әлем Индиго»атты  командасы ерекше және қызықты көріністерімен қазылар алқасының және көрермендердің әсеріне бөленген. Команда  "Әлем"  балалар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Канашева Асия Рашидқызының басшылығымен өтті. Шығармашылық  күресте балалар жасөспірімдер орталығының оқушылары үздік команда қатарына енді: БашеноваМеруерт – №3 ОМ 9 сынып оқушысы, Касымбекова Жанниет №8 ОМ 10 сынып оқушысы, Адильбеков Шыңғыс – №7ОМ 9 сынып оқушысы, СексенбаеваТомирис –,№2 ОМ 9 сынып оқушысы, Нуртазин Аян – № 3 ОМ 10сынып оқушысы, Сагандыков Диас- №7 ОМ 9 сынып оқушысы, Жамшитов Рахат – №2 ОМ 9 сынып оқушысы, Байсагатова Карина– № 5 ОМ 11 сынып оқушысы, Толкумбеков Әділхан -№7 ОМ 9 сынып оқушысы, Кулькенова Аида- №2 ОМ 9 сынып оқушысы,; Молдыбаева Алина – №2 ОМ 9 сынып оқушысы,  Попов Никита - №2 ОМ 9 сынып оқушысы, Мутылапова Элина - №3 ОМ 9 сынып оқушысы, НуртазаДиас -№7 ОМ 5 сынып оқушысы, БайсаринаАяна – №3 ОМ 9 сынып оқушысы. Екінші турда "Музыкалық биатлон" қатысушылар өздері шығарған өлеңдерді көрермендерге ұсынды. Біздің командамыздан қатысқан Нуртаза Диас, ол сайлаушылардың ең көп балл жинаған және бірінші болып  музыкалық шайқастан сүрінбей өтіп, осылайша қазылар алқасын өзінің тапқырлығымен, шығармашылығымен таңқалдырды. Нәтижесінде біздің команда лайықты 1-орынға иеленді. Осылайша біздің балалар Есіл қаласын таңқалдырып, енді ақпан айында өтетін жартылай финалға белсенді дайындалуда. Балалар жасөспірімдер орталығы Асия Рашидқызын және оның шығармашылық және топтасқан "Алем-Индиго" командасын шын жүректен құттықтайды!!! Сіздерге жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, БЖО-ның қоржынына жаңа жетістіктермен толтыруға тілектеспіз!

 

Просмотров: 368


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст