"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢАТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР - ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЦЕНТР ДЕТСКО - ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 YouTube

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық Әдістемелік кеңес

11.11.2022

2022 жылғы 9 қарашада Көкшетау қаласы білім бөлімі "Кванториум" техникалық шығармашылық орталығы базасында Ақмола облысының қосымша білім беру жүйесінде жұмысты басқару және үйлестіру жөніндегі облыстық Әдістемелік кеңес өтті.
Әдістемелік кеңестің отырысына облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталықтарының директорлары және әдістемелік кеңес мүшелері шақырылды. Барлығы 25 педагог қатысты.
Отырыстың модераторы Ақмола облысы білім басқармасының қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмыстары бөлімінің бас маманы Айгүл Сағынбаевна Магавина болды.
Кеңес барысында жұмыс тәжірибесімен бөліскендер балалар мен жасөспірімдер, шығармашылық орталықтарының директорлары: Наталья Константиновна Курникова (Ерейментау ауданы); Әсел Мағзұмовна Уткербаева (Атбасар ауданы) және Эльмира Кабдуллаевна Абилжанова (Целиноград ауданы).
Практикалық бөлімде қатысушылар "Кванториум" техникалық шығармашылық орталығы "3D текстиль" үйірмесінің жетекшісі, педагог-зерттеуші Ирина Александровна Развенкованың "Матадан жасалған моншақтар" тақырыбындағы ашық сабағына қатысты. Ашық сабақтың қорытындысы бойынша талдау жүргізіліп, ұсыныстар айтылды.
Күн тәртібіне сәйкес Әдістемелік кеңестің жұмысы талқыланды, қосымша білім беру ұйымдарда оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру бойынша сұрақтар қарастырылып, ұсыныстар берілді, 2023 жылға жоспарлау бойынша пікірлер тыңдалды.

Просмотров: 212


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст