Дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес күнінің қарсаңында ең үздік буклет бойынша «Қымбат маған өмірім» аудандық сырттай байқауын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты: Оқушыларды ЖҚТБ-ның алдын-алу проблемаларына саналы түрде қарауға мотивациялау, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру.
Міндеттері:
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- талантты және дарынды балаларды анықтау.
Байқаудың қатысушылары және шарттары:
- байқауға жалпы білім беретін мектеп оқушылары, балалар шығармашылық үйлерінің (Орталықтарының) тәрбиеленушілері қатыса алады;
- аудан (қаладан) 3 буклетке дейін қабылданады.
Материалдарға қойылатын талаптар:
Байқауға жіберілетін буклеттер мына талаптарға сай болуы қажет: 6-8 беттік буклет-кітапша түрінде тапсыруға болады: түрлі-түсті, соны болуы; қалың жылтыр қағаздың бетіне авторлық суреті бар мәтін жазылады; сәндік-қолданбалы өнерінің элементтерін қолдануға болады; материалдарды Photo shop, Corel Photo-Point және т.б. графикалық редакторларда өңдеуге болады.
Буклеттер кері қайтарылмайды, үлестірме материал ретінде қолданылады.
Өтінімдерді қабылдау тәртібі: Өтінімдер (1 қосымша) мен жұмыстар (9 буклеттер) 2019 жылдың 15 қарашасына дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: "Локомотив" стадион, БЖО.
Жиынтықтар сырттай байқауының " ең үздік буклет "Қымбат маған өмірім!"2019 жылы 18 қарашада өтеді
Жеңімпаздарды марапаттау:
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломдармен және грамоталармен марапатталады. Ең жақсы жұмыстар облыстық байқауда ұсынылады.