Көкшетау қаласында 19 тамызда "Әулет" ОӘО базасында "Балаларға қосымша білім беру: мемлекеттік білім беру саясатының жаңа сын-қатерлері мен векторлары"тақырыбында Ақмола облысының қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтары секциясы өтті.
Секцияны өткізудің басты мақсаты-STEAM-технологияларды қосымша білім беруге енгізу, дамыту, бизнес – инкубаторлар, педагогтар мен білім алушылардың сандық сауаттылығын арттыру.
Секция жетекшілері болып Ақмола облысы білім басқармасының қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы А. С. Магавина және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі облыстық оқу - әдістемелік орталығының директоры Е. Ж. Оразов тағайындалды.
Секция жұмысында қазіргі заманғы білім беру жүйесінің келешегін ескере отырып, балаларға арналған қосымша білім беру жүйесінің қызмет бағыттары, музыкаға балаларды оқытуда заманауи мультимедиялық технологияларды қолдану, қосымша білім беру ұйымдарының базасында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту, балаларды ерте кәсіптік бағдарлау мәселелері талқыланды.
"SmartStep" жастар бизнес – инкубаторының жұмыс тәжірибесінен мектепаралық оқу – өндірістік комбинаттың директоры С. В. Кубрина бөлісті.
Секция қатысушылары халықтың бай дәстүрлерін сақтау және кеңінен тарату, рухани байыту, сананың ашықтығы, жаһандықынты мақтастық, аймақтық және жаһандық кеңістіктекең және икемді өзара әрекеттесу арқылы патриотизмді, жоғары адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған одан әрі басымдықтарды айқындады. Мәдениет және спорт ұйымдарымен балалардың қосымша білімін дамытудағы өзара іс-қимыл дыдамыту, ең жақын ауылдық мектептерден балаларды, ерекше қажеттіліктері бар балаларды және қосымшабілім беру мұғалімдерінің жылсайынғы аудандық, облыстық және республикалық іс-шараларға, соның ішінде үздіксіз білім беру курстары мен семинарларын дағығылыми-техникалық шығармашылық пен робототехникамен байланысты пәндер.