Текст
10 маусым күні орталыққа № 3 орта мектептің кішкентай қонақтары келді. Ольга Ивановна Шульгина орталық бойынша экскурсия өткізіп, үйірмелердің жетістіктері туралы әңгімеледі. Балалар "Әлем" ББҰ үйлестіру орталығының, "Жас Ұлан" ББҰ үйлестіру орталығының, сәндік – қолданбалы үйірме, дизайн студиясының, шахмат және театр үйірмесінің кабинеттерін қызығушылықпен қарады. Көптеген адамдар жаңа оқу жылында үйірмелерге қатысуға тілек білдірді. Балалар жасөспірімдер орталығы сізді күтеді!