Балалықшақ мерекесі
Балаларды қорғау күні "Жас Ұлан" БЖҰ белсенділері орталық алаңда мерекелік карнавалға қатысты. Балалар ұйым жалауымен бір үлгіде өз биін көрсетті. Кейін стадионда осы балалар видеоролик жазып, "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!" республикалық акциясын жария етті».
Одан әрі стадион аумағында "Біз жазды саламыз" атты асфальта сурет салу, мольбертте "Жазғы фейерия" атты суреттер конкурсы және қала мектептерінің оқушылары арасында шахмат турнирі ұйымдастырылды.
Асфальтқа сурет салу байқауының қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орын - №5 орта мектептің оқушыларының бірлескен жұмысы, 2 орын - №2 орта мектеп, №8 орта мектеп, 3 орын - №4 орта мектеп, №7 орта мектеп, қалған қатысушыларға дипломдар берілді және шағын кәдесыйлар.
Мольбертте сурет салу сайысында екі жас категориясында он бір бала қатысты: кіші топта 1 орынды № 2 ОМ оқушысы алды
Реченко Таисия, 2 орын - Вонсович Агата (№2 ОМ), 3 орын - Лисогор Анжела (№5 ОМ).
Орта жас тобында 1 орынға Свистова Томирис (№5 ОМ), 2 орынға Искакова Дина (№3 ОМ), 3 орынға Панченко Яна (№1 ОМ) ие болды, қалған қатысушылар дипломдармен және кәдесыйлармен марапатталды. Шахмат турниріне он жеті бала қатысты. Ұлдар арасында 1 орын – Амангелді Әділхан, 2 орын – Жунусов Ахат, 3 орын - Голубев Андрей (№1 ОМ). Қыздар арасында 1 орын – Бостыбаева Камилла (№3 ОМ), 2 орын – Бостыбаева Нурай (№3 ОМ), 3 орын – Французова Алина (№2 ОМ), 4 орын – Данилина Мария (№2 ОМ).
Жазғы каникулдың басталуы осы дәстүрлі балалықшақ мерекесін ашады. Барлық балалар сабақ, үй тапсырмалары мен бақылау жұмыстарынан үш ай демалатынын күтуде бақытты және риза.
Балалар жасөспірімдер орталығы барлық балаларды құттықтайды. Жазғы демалысты жақсы өткізіп, қыркүйек айында жаңа оқу жылында кездесуге тілектеспіз.
Гильманова О.А.
Дизайн студиясының жетекшісі