ҚР БҒМ "Республикалық қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығы" ҚР МОН "Ризашылық - мейірімділік бұлағы" жалпыұлттық мәдени - білім беру жобасы шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар арасында "Шексіз шығармашылық" республикалық қашықтық конкурсын өткізді. Аталған байқауға № 8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің оқушылары, Атбасар қаласының балалар - жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша "Қазақстан - менің алтын бесігім" номинациясында 1 орынды Паньшин Даниил (жет –сі Гильманова О.А.), "Алтын қолдар" номинациясы бойынша сәндік - қолданбалы өнер байқауы 2 орынды Қарамендина Аружан (жет-сі Фрошалова Т.А.), "Шексіз әлем - балалар көзімен" номинациясы бойынша 3 орынды Оралов Жаслан (жет-сі Калианиди А. В.). Іс-шаралар қашықтық форматта өткізілгеніне қарамастан, оларға қатысу балаларға жағымды эмоциялар сыйлады. Балаларды және олардың шығармашылық жетекшілерін лайықты жеңісімен құттықтаймыз!