2022 жылғы 24 ақпанда Атбасар ауданының тәлімгерлері мен оқушылары үшін Теміртау қаласының «Отражение» ҚБ төрағасы, экология мұғалімі Варганова Елена Петровнаның экологиялық тренингі өткізілді. Тренингтің мақсаты: мектеп оқушылары мен жас эко-белсенділерді ауа проблемаларын зерттеу бойынша жаңа білім мен практикалық тәжірибеге, педагогтарды эко білім берудегі жаңа әдістерге оқыту, өз денсаулығын жақсарту бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті тұрғындардың ауа сапасы туралы хабардарлығын арттыру. «Жас Ұлан» ББЖҰ көшбасшылары осы тренингке белсенді қатысты. Тәлімгерлер мен оқушылар үшін көптеген пайдалы ақпараттар айтылды, тәжірибелік тапсырмалар орындалды. Нәтижесінде Атбасар қаласында ауаны ластайтын қалқыма бөлшектерді бақылау бойынша 8 датчик орнатылады, бұл қала тұрғындарының қаладағы ауаның жай-күйін жергілікті бақылауға, қала үстіндегі атмосфераның ластануы бойынша толық статистикалық деректердің болуына түрткі болады. Осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін «Ангел» ҚБ, «Human Health Institute» ҚБ және «Отражение» ҚБ алғысымызды білдіреміз!