20 қаңтарда Атбасар қ. БЖШО дебатерлері мен Қарағанды облысы Саран қаласының оқушылары арасында ашық дебат турнирі өтті. Турнир онлайн-форматта өтті. Атбасар атынан екі команда қатысты: "Қазақпыз ғой" (қазақ лигасы) - Сейілбек Іңкәр мен Бабаева Аяулым, "Ловлю на слове" (орыс лигасы) - Мустафин Рүстем мен Пелюшков Мақсат.
Ойын қорытындысы бойынша "ловлю на слове" командасы Гран-при дипломының, ал "Қазақпыз ғой" командасы бірінші дәрежелі дипломның иегері атанды. Мустафин Рүстем "турнирдің үздік спикері" атағын алды. Біздің дебатерлерді құттықтаймыз және оларға одан әрі даму мен сәттілік тілейміз! Пікірталас турниріне шақырғаны үшін Саран қаласының "Жас қанат" көшбасшылар қауымдастығының басшысы Баева Альфия Николаевна алғысымызды білдіреміз.