2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Балаларға қосымша білім беру жүйесінде балалардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру және балалар қоғамдық бірлестігінің негіздері» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинардың модераторы «Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласы балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК Атбасар ауданы «Жас Ұлан» БЖҰ үйлестірушісі Шульгина Ольга Ивановна болды.
Вебинарға біліктілікті арттыру курстарының 25 тыңдаушысы қатысты, оның ішінде 9 спикер сөз сөйледі. Ольга Ивановна «Жас Ұлан» БЖҰ – дағы жұмыс тәжірибесімен әріптестерімен бөлісіп, «дарынды балалар-даму ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.
Вебинар барысында қосымша білім беру педагогтары Қазақстан Республикасының балалар қоғамдық бірлестіктерін дамытуда инновациялық әдістерді, тәсілдерді және технологияларды қолдану тәжірибесімен алмасты. Вебинардың барлық қатысушылары тәрбиеленушілердің жеке басының көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін түрлі әдістемелерді енгізу арқылы өздерінің білім жүктерін толықтырды.