Текст
13.02.2026
Бүгін хоккей кортында Атбасар қаласы мен Сандықтау ауданы Максимовка ауылының жас хоккейшілері арасында жолдастық кездесу өтті.
Кездесу достық және спорттық жағдайда өтті. Жас спортшылар жақсы дайындығын, командалық рух пен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Жанкүйерлер ойыншыларға белсенді қолдау көрсетіп, трибуналарда жылы әрі жағымды атмосфера орнатты.
Мұндай кездесулер балалар спортын дамытуға, елді мекендер арасындағы достық байланыстарды нығайтуға және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.