03.09.2025
2025 жылдың 28 тамызында мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау негізінде педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар талқыланды:
1. «Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы» мәселесіне Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде 2025–2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жөніндегі әдістемелік-нұсқау хатты түсіндіру, «Адалазамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын, жасанды интеллект элементтерін білім беру процесіне енгізу, педагог мәртебесін арттыру және оның құқықтарын қорғау, білім алушылар үшін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, өткен оқу жылының талдауы негізінде білім беру сапасын және оқу жетістіктерін арттыру мәселелерін қарастыру кіреді.
2. «Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы» мәселесіне оқу жұмыс жоспарын, оқу жүктемесін, сабақ кестесін, педагогикалық кеңес жоспарын, әдістемелік кеңес жоспарын, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарларын, педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарын және білім беру ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да жоспарларды талқылау және бекіту кіреді.