Текст
8 сәуір күні орталығымызға No5 «Алтын бесік» балабақшасының бүлдіршіндері келді. Балалар үшін бұл танымдық және қызықты іс-шара болды. Олар орталық оқушыларының қолөнер бұйымдары мен жұмыстарын тамашалап, мектепке барған кезде біздің орталыққа келіп, шығармашылық қабілеттерін дамытамыз деп уәде берді.