Жыл сайын «Жас Ұлан» бірыңғай республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымы Е.А. Дмитриенко атындағы «Балалар қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін» алғыс хаттар мен медальдарды тапсыруға өтінімдер қабылдайды. Биыл білікті қазылар алқасы мыңдаған өтініштерді мұқият қарады.
Бұл байқауға алғаш рет қатысқан «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК басшысы Асель Магзумовна Уткербаеваға ерекше құрмет көрсетілді. Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен келген көптеген үміткерлердің ішінен Асель Магзумовна қазақстандық балалар мен жасөспірімдер қозғалысының дамуына септігін тигізетін, қоғамдық прогреске және балалар ұйымдарының нығаюына оң ықпал ететін үздік жетістіктері үшін Алғыс хатқа ие болды.
БЖШО ұжымы Асель Магзумовнаны осы жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтайды! Қоғамымызды одан әрі жақсартып, келе жатқан жарқын бастамаларды іске асыру үшін табыс, жаңа жеңістер және шабыт тілейміз!