Текст
Екінші қарашада Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы ағарту министрлігінің қолдауымен «Жұлдыздар шеруі 2024» балалар, жасөспірімдер және жастар шығармашылығының халықаралық байқауы өткізілді. Байқау өнер дәстүрлерін сақтау және дамыту, балалар мен жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу, дарынды және перспективалы орындаушыларды анықтау, Қазақстан мен шет елдердің түрлі өңірлерімен кәсіби-шығармашылық байланыстарды құру және нығайту мақсатында өткізілді. Біздің орталықтан дизайн студиясының тәрбиеленушілері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Швенглер Аяна - 1 орын, Прокопчук Лидия - 1 орын, Павленко Алевтина - 2 орын. Студия жетекшісі Ольга Аркадьевна Гильманованы лайықты марапатпен құттықтаймыз!