Текст
Ақмола облысының 2024-2026 жылдарға арналған балаларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайту үшін қолайлы орта құру жөніндегі кешенді жоспарда басты мақсаттардың бірі балаларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайту болып табылады. Атап айтқанда, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК (бұдан әрі - БЖШО) 2024-2025 оқу жылына Атбасар қаласындағы № 6 жалпы білім беру мектебінің базасында орталықтан бейнелеу өнері үйірмесін ашты. Үйірменің жетекшісі тәжірибелі педагог Незальзова Е.И.