"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢАТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР - ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЦЕНТР ДЕТСКО - ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 YouTube

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасы

02.03.2021

«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасы

 

«Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің бірінші кезектегі міндеті – бұл сыни ойлауға ие және ақпараттық ағындарда бағдарлануға қабілетті адамдарды дайындау»

(ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев)

 

Құқықтық демократиялық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы диалогсыз және азаматтардың қоғам өміріне белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Мәдени әлемнің маңызды бөлігі – өз көзқарасыңызды сенімді түрде дәлелдеу және білімді түрде дауласу.

Елдің стратегиялық дамуы көбінесе жастардың тиімді әлеуетінсіз мүмкін емес әлеуметтік-экономикалық дамудағы адами капиталдың рөлімен анықталады.

Осыған байланысты, өскелең ұрпақтың азаматтылығын қалыптастырудың өзектілігі бірінші орынға шығады, тұлғаны қалыптастыру бойынша тәрбие қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Республиканың болашағы көбінесе жас қазақстандықтарға және олардың таңдауына байланысты. Ел өміріне белсенді қатысу арқылы барлық оқиғаларға үн қата отырып, пайдалы бастамалардың бастамашысы бола отырып, жастар өздерінің азаматтық ұстанымдарын айқындай алады, өз елінің болашағын құрудың бірыңғай ұмтылысында біріге алады.

Құқықтық демократиялық мемлекеттің дамуы диалогсыз және азаматтардың қоғам өміріне белсенді қатысуынсыз мүмкін емес.

Өскелең ұрпақтың азаматтылығын қалыптастырудың өзектілігі бірінші орынға шығады, тұлғаны қалыптастыру бойынша тәрбие қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Оқушылар мен студенттердің дебаттық қозғалысы балалар мен жастарды әлеуметтендірудің маңызды институттарының бірі болып табылады. Бұл білім алушыларды дебатқа қатысуға жаппай тартуға бағытталған педагогикалық технологиялардың бірі.

Дебат - бұл нақты құрылымдалған және арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пікір алмасу, өзекті тақырыптар бойынша пайымдаулар, ой-пікірлер;

- бұл жарқын, ойын-сауық зияткерлік ойын, танымал қызмет түрі, белсенді жастардың – қоғамның болашақ көшбасшыларының келешегі;

- бұл білім алушылардың бойында сыни ойлауды, төзімділікті, шешендік (өнерді) шеберлікті, әртүрлі көзқарастарға құрметпен қарауды, серіктестік қарым-қатынасты, командада жұмыс істей білуді, мәселелердің мәніне зейін қоюды және идеяларды қорғау қабілетін қалыптастырудың қуатты зияткерлік құралы.

Дебат қозғалысының жалпы стратегиясы, мақсаты мен міндеттері бар, ол мектеп оқушыларын еліміздің әр өңірінде дебаттық орталықтар, клубтар құру арқылы дебаттық қозғалысқа жаппай тартуға бағытталған.

Дебаттық қозғалыстың мақсаты: қоғамда орын алатын мәселелерді жариялы талқылау және талдау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру.

Дебаттық қозғалыстың міндеттері:

білім алушылардың бойында құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлау, даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін қалыптастыру;

дебаттық қозғалысты насихаттау, қолдау және дамыту;

білім алушыларды дебаттық қозғалысқа жаппай тарту, мәдени-демалыс және ағарту қызметінің инновациялық модельдері мен технологияларын пайдалана отырып, еліміздің әрбір өңірінде, білім беру ұйымдарында дебаттық орталықтар, клубтар құру;

дебаттық қозғалысты ресурстық қамтамасыз ету – кадрлық әлеует, материалдық-техникалық база, қаржыландыру.

Дебаттық қозғалысқа қатысушылар ашықтық, жүйелілік, еріктілік, ізгілендіру, қолжетімділік, адалдық және әріптестерді құрметтеу қағидаттарын басшылыққа алады.

«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының ережесі «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 35-тармағына сәйкес және халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленді.

Әлемдік тәжірибеде жастардың Дебаттық қозғалысы бірегей әлеуметтік құбылыс болып табылады. Бүгінгі таңда халықаралық дебаттар білім беру қауымдастығы (IDEA) 50 елде 60-тан астам тілде дебат өткізеді.

IDEA-ның негізгі міндеті – оқушылар мен педагогтерге өздері тұратын қоғамның өмірі мен дамуына әсер ететін мәселелерді талқылауға мүмкіндік беру; қоғамның барлық топтарының өкілдерін қатысуға ынталандыратын Дебаттық клубтардың кең желісін құру.

Англия, Франция, Германия, Австрия және басқа елдердің оқу орындарында оқушылардың ашық қоғамда белсенді азамат болуға ынтасын арттыру мақсатында «Дебаттар» бағдарламалары құрылды. Францияда және басқа да еуропа елдерінде балалар мен жастар арасындағы дебаттар кеңінен қолданылады және бюджеттік, сонымен қатар бюджеттен тыс қаражатпен жомарт түрде субсидияланады.

Эстония, Латвия, Литва, Польша, Ресей, Чехия, Украина, Словения, Словакия, Венгрияда оқушылар үшін неміс тілінде халықаралық дебаттар өткізіледі.

Кореяда, Жапонияда, Еуропа елдерінде үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдар судьяларды, жаттықтырушыларды оқытуды үйлестіреді және Турнирлер өткізеді.

Барлық елдерде дебат жыл сайынғы цикл бойынша дамиды. Педагогтер тобы оқытудан өтеді. Бұл педагогтер өз мектептерінде дебаттардың пайда болуына және басқа мектептердегі мұғалімдерді оқытуға жауап береді. Мектеп дебаттарына қатысушылар өз қызметін судья немесе тренер ретінде жалғастырады немесе дебаттық клубтарын құрады. Дебаттарды ілгерілететін, оқыту мен жарыстарды үйлестіретін үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдар құрылуда.

Оқушылар арасында дебат өткізудің танымал форматтарының бірі 1994 жылы «Ашық қоғам» институты әзірлеген философ Карл Поппердің идеялары негізінде дебаттар болды. Сондай-ақ, дебаттардың жаңа форматтары пайда болды:

Дүниежүзілік мектеп форматы (WSDC).

Американдық парламенттік формат (АПФ).

Британдық парламенттік формат (БПФ).

Қазіргі уақытта білім алушылар арасында Американдық және Британдық парламенттік форматтағы дебаттар кеңінен таралған.

Қазақстанда дебаттық қозғалысты алғаш рет Сорос-Қазақстан қоры 1996-2004 жылдары «Дебаттар» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы дамыта бастады. 1996 жылы тренерлерге арналған алғашқы тренингтер өткізілді, кейін олар мектеп оқушылары арасында дебаттар өткізді. Тренерлер оқушылар арасында дебаттар өткізді. Тренингтер Қазақстан бойынша дебаттар желісін кеңейтуге көмектесті.

Әр облыста жауапты үйлестіруші дебатты ілгерілетумен айналысты. Дебаттық қозғалысты білім, ішкі саясат басқармалары қолдады. Дебаттық қозғалысты Ұлттық дебат орталығы үйлестірді. Дебатқа 7-сыныптан бастап 10 мыңнан астам оқушы қатысты. Алдымен дебаттар орыс тілінде, ал қазақ тіліндегі дебаттар 1998 жылдан бастап өткізіле бастады.

Бұл қозғалыстың дамуына басқа қалалардан келген студенттер арасында дебат клубтары мен турнирлер туралы ақпарат тарата отырып, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері үлкен үлес қосты. «Хабар» телеарнасы «Болашақ қаласы» арнайы бағдарламасында уақыт берді, кейін қазақ тілінде «Азамат» бағдарламасы пайда болды.

2004 жылы Сорос-Қазақстан Қорының «Дебат» бағдарламасы аяқталды. Бағдарламаны қаржыландырудың болмауы Дебаттық қозғалыстың жабылуына әкелді.

15 жылдан кейін республикада оқушылардың дебаттық қозғалысы қайта жанданды.

2019 жылғы ақпанда 119 адамның (өңірлік деңгейде – 30 мың адам) қатысуымен оқушылардың Республикалық дебаттық турнир өткізілді.

2020 жылғы ақпанда Республикалық дебаттық турнирге 119 адам қатысты (өңірлік кезеңде – 35 мыңға жуық адам).

Қазіргі уақытта Қазақстанда 3 094 дебаттық клубтар бар, оның ішінде: 2 391 – мектептерде, 589 – колледждерде, 114 – ЖОО-да.

Республиканың 1 883 мектебінде 35 510 оқушыны қамтитын 2 391 дебат клубы жұмыс істейді, оның ішінде қазақ тілінде – 1692 клуб, онда – 27 254 бала, орыс тілінде – 675 клуб, онда – 7 959 бала, ағылшын тілінде – 24, онда 297 бала қамтылған. 35 510 дебат клубы мүшелерінің 1103 клубта 6-8 сынып білім алушыларының – 15 233, 1 288 клубта 9-11 сынып білім алушыларының 20 277 бала қамтылған.

Қазақстанның жекелеген өңірлерінде мектептік және студенттік дебаттарды өткізу тәжірибесі ерекше назар аударуға тұрарлық. Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Түркістан және басқа да облыстарда дебаттарға қатысу арқылы оқушылар мен студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қандай да бір дәрежеде қалыптастыруға мүмкіндік беретін белгілі бір тәсілдер мен бағыттар қалыптасты.

«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы білім беруді басқару органдары, жастар және қоғамдық ұйымдар арасындағы, орталықтағы және жергілікті жерлердегі мемлекеттік органдар арасындағы құзыреттердің ара жігін ажырату қағидаттарында дебат қозғалысы жүйесін басқаруды жетілдіру тәсілдерін көздейді.

Дебат қозғалысын үйлестіруші: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.

Дебат қозғалысыныңұйымдастырушылары:

Дебаттық қозғалысқа қатысушылар: орта, қосымша, кәсіптік және техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары мен педагогтері, республиканың спортшыл, шығармашыл, ғалым жастарының өкілдері, еңбек сіңірген адамдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік басқару органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық қоғамдастықтың және т.б. өкілдері.

Жобаны іске асыру:

Дебаттық қозғалысқа білім алушылардың барынша мүмкін болар көп санын анықтау және тарту;

өскелең ұрпақ арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының базалық қағидаларын насихаттау;

білім алушылардың отандық тарихқа, өлкетануға, мәдениетке қызығушылығын дамыту, ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі дағдыларын қалыптастыру;

қазақстандық оқушыларды қазіргі заманғы қоғам мен мемлекет өміріне табысты әлеуметтік бейімдеу және ықпалдастыру жүйесін құру.

Дебат қозғалысына жоспарлы перспективалық сипат беру:

адами капиталдың сапасын, әлеуметтік ұтқырлықты, адамның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

балалар мен жастардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

білім алушылардың өзін-өзі жүзеге асыруы және белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру;

өскелең ұрпақтың жалпы мәдени деңгейін, толеранттылығын және коммуникативтік құзыреттілігін арттыру;

бейресми білім беру жүйесі ұсынатын өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері есебінен жас ұрпақтың өз өмірінің сапасына қанағаттануын арттыру;

еліміздің барлық өңірлерінде дебаттықклубтар ашу.

Дебаттық қозғалыс қазақстандық білім алушылардың жоғары адамгершілік-рухани, көпмәдениетті жалпыадамзаттық құндылықтар мен патриотизм негізінде қазіргі заманғы қоғам мен мемлекет өміріне табысты әлеуметтік бейімделуін және интеграциялануын, олардың азаматтық қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында Дебаттық қозғалысты ұйымдастыру сапасын жетілдіру бойынша іс-қимылдардың мақсаттылығы, тұтастығы мен жүйелілігі, Қазақстан оқушыларының жеке, әлеуметтік, құқықтық құзыреттерін, азаматтық белсенділігі мен саяси сауаттылығын дамытуға бағытталған өңірлік және республикалық ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар кешені «Болашақ Қазақстандықтың» нақты бейнесін қалыптастыруға оң ықпал етеді.

Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында республикалық дебат турнирін өткізу ережелері

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында республикалық дебат турнирін (бұдан әрі – Турнир) өткізу ережелері Турнирдің мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.

2. Ережеде қолданылатын ұғымдар:

1) бэллет – ойын қорытындылары жазылған төреші парағы;

2) кейс – шешімді талап ететін нақты фактілерге негізделген мәселелік жағдайдың сипаттамасы;

3) ребатл – қарсыластың сөздерін теріске шығару, қарсы аргументтер мен фактілер келтіру; 

4) резолюция – дебаттағы пікірталас мәселелерінің негізгі тақырыптары;

5) тайм-кипер – бұл спикерлердің сөз сөйлеу уақытын белгілей отырып, ойын ережесінің сақталуын қадағалайтын адам;

6) флоушит – ойын барысында ойыншылардың ақпаратын толтыратын төреші парағы.

3. Турнирдің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.

4. Турнирдің міндеттері:

1) жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында академиялық білім деңгейін көтеру,  шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамыту;

2) қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау дағдыларын, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу, дәлелдеме жасау өнерін қалыптастыру, парламенттік мәдениет элементтерін дамыту;

3) білім алушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, туған өлкенің, елдің мәселелерін талқылау және шешудегі жауапкершілік, қатысушылық сезімін қалыптастыру;

4)  педагогтерді балалар мен жастарды өзекті қоғамдық саяси тақырыптарды талқылауға тарту, азаматтық көзқарастарын дамыту және конструктивті диалог пен пікірталасты жүргізу мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын жандандыру;

5) оқушылар мен студенттер арасында интеллектуалды жарыстар мен конструктивті пікірталастарды насихаттау, дебаттық клубтар мен педагогтер арасында тәжірибе алмасуға ықпал ету.

5. Турнир күндізгі және қашықтық форматтарында өткізіледі.

6. Турнир ұйымдастырушылары турнирдің ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамын қалыптастырады.

2-тарау. Турнир кезеңдерін өткізу уақыты мен орны

7. Мектеп оқушыларының дебаттық турнирі екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

мектепішілік Турнир (жылына 4 реттен кем емес): желтоқсан;

аудандық (қалалық) Турнир (турнирлер санын жергілікті ұйымдастыру комитеті анықтайды): қаңтар;

турнирдің облыстық кезеңі (турнирлер санын облыстық ұйымдастыру комитеті анықтайды): ақпан;

2) екінші кезең – Республикалық Турнир: наурыз – сәуір.

8. Колледж студенттерінің дебаттық турнирі екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) - Өңірлік:

колледж ішілік Турнир (жылына 4 реттен кем емес) желтоқсан;

колледж студенттері Турнирінің облыстық кезеңі (турнирлер санын жергілікті ұйымдастыру комитеті анықтайды) – қаңтар-ақпан;

2) екінші кезең – республикалық Турнир - наурыз – сәуір.

9. Жоғары оқу орындары студенттерінің дебаттық турнирі екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

ЖОО ішіндегі Турнир (жылына бір реттен кем емес): қараша;

облыстағы, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындарының студенттік командалары арасындағы Турнир (турнирлер санын жергілікті ұйымдастыру комитеті анықтайды): қаңтар – ақпан;

2) екінші кезең – республикалық Турнир: наурыз – сәуір.

10. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері Турнирінің өңірлік (іріктеу) кезеңдерін өткізу уақыты мен орны аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрығымен реттеледі.

ЖОО студенттерінің дебаттық турнирінің іріктеу кезеңін өткізу ЖОО ректорының бұйрығымен реттеледі.

11. Турнирдің өңірлік кезеңдері карантин кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей жүргізіледі.

3-тарау. Турнирге қатысушылар

12. Мектепішілік Турнирлердің қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған командалар аудандық (қалалық) турнирлерге қатысады. Облыстық турнирлерге аудандық (қалалық) турнирлердің жеңімпаздары қатысады. 

Мектеп оқушыларының республикалық Турниріне (күндізгі формат) облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары Турнир кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта білім беру ұйымдары 6-11 сыныптарының білім алушылары қатысады.

13. Колледжішілік Турнирлердің қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған командалар колледж студенттері арасындағы облыстық турнирге қатысады. Облыстық турнирдің жеңімпаздары колледж студенттері арасындағы Республикалық турнирге қатысады.

14. Облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жоғары оқу орындары студенттері арасындағы іріктеу турнирлерінде ең көп балл жинаған командалар Республикалық турнирге қатысады.

15. Турнирге қатысу үшін жоғары оқу орындары ректорларының / облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармалары басшыларының қолы қойылған өтінімдер 1-қосымшаға сәйкес Турнир ұйымдастырушыларына жіберіледі.

Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:

1) қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, курсы, оқу орны және білім беру ұйымының мекен-жайы, телефоны, топ жетекшісінің және медициналық қызметкердің Т.А.Ж., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефондары);

2) қатысушылардың, топ жетекшісінің және медицина қызметкерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

16. Топ жетекшісінің өзімен бірге келесі құжаттардың көшірмесі болуы тиіс:

1) білім алушылардың және команда жаттықтырушысының Турнирдің облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы кезеңдерінің өткізу қорытындысы бойынша Республикалық турнирге қатысу үшін жолданғаны туралы жоғары оқу орны ректорының / білім басқармасы басшысының бұйрығы;

2) қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттары;

3) қатысушылардың тізімі;

4) дәрігердің қолы және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтамасы;

5) жоғары оқу орнынан студенттік аты-жөні (Т.А.Ә.) және фотосурет көрсетілген анықтама.

17. Турнирді өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік топ жетекшісіне жүктеледі.

18. Республикалық оқушылар турниріне қатысушылар саны: барлығы 272 адам, әр өңірден келген команда - 16 қатысушыдан: оның ішінде 14 оқушы + 1 команда жаттықтырушысы және 1 медицина қызметкері.

6-7 сынып білім алушылары – барлығы 4 адам: қазақ тілді команда – 2 адам; орыс тілді – 2 адам.

8-9 сынып білім алушылары – барлығы 4 адам: қазақ тілді команда – 2 адам; орыс тілді – 2 адам.

10-11 сынып білім алушылары – барлығы 6 адам: қазақ тілді команда – 2 адам; орыс тілді – 2 адам; ағылшын тілі – 2 адам.

19. Колледж студенттерінің Республикалық турниріне қатысушылар саны: барлығы 119 адам, әр өңірден келген команда – 7 қатысушыдан: оның ішінде 1 команда жаттықтырушысы + 6 оқушы: қазақ тілді команда – 2 адам; орыс тілді – 2 адам; ағылшын тілді – 2 адам.

20. Жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық турнирге қатысушылар саны: барлығы 102 адам, облыстан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан келген командада - барлығы 6 қатысушы: қазақ тілді команда – 2 адам; орыс тілді – 2 адам; ағылшын тілді – 2 адам.

21. Турнирдің өңірлік кезеңдерін өткізу бойынша ұйымдастыру комитеттері Турнирді өткізу шарты мен тәртібін өз бетінше анықтайды.

​22. Турнирдің барлық кезеңдері американдық парламенттік формат (АПФ) бойынша өткізіледі (2-қосымша).

23. Турнир екі айналымда өткізіледі. Бірінші айналым – іріктеу раундтары. Екінші айналым – негізгі ойындар: ширек финал, жартылай финал және финал. 

Бірінші күні іріктеу ойындары 4 раундтан тұрады. Әр раундқа бір қарар беріледі. Іріктеу ойындарында қарсылас командалар жеребе бойынша іріктеледі. Сол командалар іріктеу кезеңінде бір рет кездеседі.

Іріктеу ойындарының төртінші раунды аяқталғаннан кейін негізгі ойындарға дайындық жүргізіледі. Ол үшін әр команданың төрт раундтағы нәтижелері жазылады, ұпайлардың жалпы саны есептеледі және пікірталасқа қатысушылардың әрқайсының дәрежелері оларды қосу арқылы анықталады. Жалпы нәтижесі жиынтық ведомосіне енгізіледі. Іріктеу ойындарының нәтижелері жарияланғаннан кейін ширек финалға шыққан командалар анықталады. Ширек финалға әр тіл тобы бойынша іріктеу кезеңінің жеңімпаздары шығады.

Ширек Финалда командаларға бір қарар беріледі. Ширек финалдың қорытындысы бойынша жартылай финалға әр тіл лигасы бойынша жеңімпаз командалар шығады. Жартылай финалдың жеңімпаздары финалда кездеседі.

24. Командалар саны тақ келген жағдайда, жеребе бойынша бір команда «демалады». Өткізілген раунд үшін демалушы команда командалық балл мен орташа спикерлік балды автоматты түрде алады.

25. Төрешілікті дебаттық клубтардың тәжірибелі дебатерлері қатарынан төрешілер алқасы жүзеге асырады. Төрешілер алқасы ойынды үзуге айрықша құқығы бар турнирдің Бас төрешісін таңдайды. Турнирдің Бас төрешісінің дебат нәтижелеріне қатысты шешімі қалған төрешілердің нәтижелерімен бірдей ескеріледі. Турнир кестесін Бас төреші жасайды.

26. Турнирдің Бас төрешісінің қарауы бойынша әр раунд үшін төрешілер алқасы үш адамнан құрылады. Ширек финалда, жартылай финалда және финалда дебатты үш - бес төреші бағалайды.

Олардың бірі бас төреші болып тағайындалады, ол Ережеге сәйкес пікірсайысқа қатысушыларды сахнаға шақырады, наразылық туралы мәлімдемелерді қарайды, спикерлерге өз орындарын алуға шақырады және бір тайм-киперді тағайындайды. Тайм-кипер дебатқа қатысушылардың сөз сөйлеуге бөлінген уақытты қалай басқаратынын қадағалайды.

27. Тайм-кипердің міндеттері:

презентациялық немесе конструктивті сөйлеудің бірінші минуты өткеннен кейін және оның аяқталуына бір минут қалғанда үстелді ұрып тоқтату, тиісінше сөйлеушіге сұрақтар қою немесе түсініктемелер беру мүмкіндігінің пайда болуы/жоғалуы туралы сигнал беру;

сөз сөйлеушілерге олардың қанша минут өнер көрсетіп жатқанын / сөйлеуге қанша уақыт қалғанын (саусақпен немесе белгімен) көрсетеді. Бұл мәселелер туралы ойынды бастамас бұрын пікірсайысшылардың өздерімен келіскен дұрыс;

үстелді екі рет ұру арқылы сөз сөйлеуші қатысушының сөзіне бөлінген уақыт өткені туралы белгі береді;

егер қатысушы уақыт лимитінен 30 секундтан асып кетсе, төрешіге хабарлайды. Төреші оның репликаларын жазуды тоқтатады және сөйлеушіні сөзін аяқтауға және өз орнына орналасуына шақырады;

әрбір сөз сөйлеу аяқталғаннан кейін төрешілерге жаңа ғана сөз сөйлеген пікірсайысшылардың сөзіне бөлінген уақыт лимитінен қаншалықты минут асып кеткенін/толық пайдаланылмағанын хабарлайды.

Төрешілер алқасының бір өкілі телефон камерасына бейнетүсірілім жүргізеді. Турнир қашықтық форматында өткізілсе, бейнежазба жүргізіледі.

28. Бас төреші раунд 15 минуттан кейін басталатынын хабарлайды. Барлығы тақтаға қарап отырады. Экранда раундтың қарары көрсетіледі. Хабарландырудан кейін ойыншылар қарарды түсініп, істі ойластырып, жақсы дәлелдер дайындауы керек, басқа командалар не айтатынын болжап, бәрін біртұтас етіп біріктіруі керек.

29. Ойыншылар үшін ақпараттың жалғыз көзі – серіктесі және өздерімен бірге әкелген кез-келген жазбаша материалдар. Ойын барысында интернеттен ақпарат іздеуге және жалпы электронды құрылғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді.

30. Турнир кезінде әр төреші балл мен түсініктемелерді бағалау парағына (ballet) енгізеді (3-қосымша). Төреші раундтың жалғыз және өкілетті төрешісі және оның шешімі түпкілікті болып табылады.

Егер турнирде төрешілер алқасы 3 төрешіден құралса, бұл жағдайда олар өз шешімдерін 15 минут ішінде бір-бірімен талқылайды, ал төрешілердің көпшілігі дауыс берген командаға жеңіс беріледі.

Пікірсайыстар аяқталғаннан кейін төреші алқалары пікірсайыстарға жалпы баға беруге, қабылданған шешімді түсіндіруге және жақсарту қажет болатын сәттерді көрсетуге міндетті.

  1. . Төрешілік өлшемдері:   

1) өзектілігі;

2) дәлелденуі;

3) маңыздылығы;

4) шынайылығы.

32. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалық және спикерлердің жеке сынақтарында анықталады. Жеке раундта жеңіс үшін команда 1 ұпай, жеңіліс үшін – 0 ұпай алады.

Спикерлік сөз сөйлеулер 1-ден 30-ға дейін балдық жүйемен бағаланады.

Балл саны бойынша әр жас санатында тіл тобында Турнирдің үздік спикерлері анықталады.

33. Турнирдің қашықтық форматы ZOOM платформасында Бас төреші жеребе тастау арқылы командалардың сөз сөйлеу тәртібін, турнирді өткізу регламентін, сессия залдарының санын айқындайды, командалар мен қазылар алқасы мүшелерін сессия залдары (шағын конференциялар) бойынша бөледі, қарарды раунд басталғанға дейін 15 минут бұрын жариялайды.

34. Турнир ұйымдастырушылары мен Бас төреші сессия залдарында ойын барысын бақылайды. Әр тур аяқталғаннан кейін Бас төреші командаларды келесі турға бөледі, қарарларды жариялайды және қатысушыларды бір сессия залынан екіншісіне ауыстырады.

35. Төрешілердің шешімі жарияланғаннан кейін командалар келесі ойындарда ескерілетін кері байланыс қалдыра алады.

5-тарау. Қатысушыларды марапаттау

 

36. Турнирдің қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар Гран-при, I, II, III дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен, ал жеңімпаздардың команда жаттықтырушылары алғыс хаттармен марапатталады. Турнирдің барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Турнирде үздік қатысушылар үш тілдік топта қосымша «Үздік спикер», «Үздік оратор», «Дебаттық креатив», «Ең сенімді ойыншы», «Ең білімді ойыншы», «Ең тапқыр ойыншы», «Ең мақсатты ойыншы» номинациялар бойынша дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

37. Турнирдің қашықтық форматында сыйлық жеңімпазға өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша Қазпочта арқылы табыс етілгені туралы хабарламамен жіберіледі. Сыйлықты алғаны туралы қабылдау – тапсыру актісі сыйлықпен бірге қоса беріледі. 

Алушы сыйлықты алғаннан кейін қабылдау – тапсыру актісіне қол қойып, Т.А.Ә. және телефонын көрсетіп, сыйлықты алғаны туралы құжаттың сканерленген нұсқасын, жеңімпаздың сыйлықпен түскен фотосын ұйымдастырушының электронды поштасына жібереді.

38. Турнирдің қашықтық форматында жеңімпаздардың дипломдары, олардың команда жаттықтырушыларына алғыс хаттардың және қатысушыларға сертификаттардың электронды нұсқалары ұйымдастырушының сайтында сілтеме арқылы автоматты түрде жүктеу мүмкіндігімен орналастырылады.

 

6-тарау. Турнирді қаржыландыру

 

39. Аудандық (қалалық), облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының турнир кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.

40. Турнирдің республикалық кезеңі Тапсырыс берушінің  қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Ережеге 1-қосымша

 

Республикалық турнирге қатысу туралы өтінім

 

р/с

Қатысушының аты-жөні
(толық)

Қатысушының туған күні

Тұратын мекен-жайы

(облыс, қала, ауыл, көше, үй, пәтер номері, телефоны)

Білім беру ұйымы, сыныбы, курсы

Оқыту тілі

Команда аталуы

Жаттықтырушының аты-жөні

(толық), байланыс телефондары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ережеге 2-қосымша

 

Американдық парламенттік формат

 

Америкалық парламенттік формат (АПФ) – бұл Парламенттік тұрпаттағы дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция қаралуға ұсынылған қарарды талқылайды. Әр раундқа жаңа қарар таңдап алынады. Пікірсайыс барысын Палата Спикері басқарады, сонымен бірге сайыстың төрешісі қызметін атқарады. Егер раундта бірнеше адам төрешілік етсе, онда олардың арасынан бір Палата Спикері таңдап алынады. Американдық парламенттік формат дәл зерттеу мен дәлелдер жинауға емес, тез сыни ойлауға, логикалық ойлауға және сараптамалық талдауға негізделген.

Қарар – дебаттардың тақырыбы. Пікірсайыстардағы пікірталас мәселелерінің негізгі тақырыптары – бұл Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен гүлденуі, бұл әрбір азаматтың елдің серпінді дамуына жеке қатысуы, қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге деген ықыласы мен қабілеті, туған ел игілігі үшін балалар мен жастардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін іске асыру, Қазақстанның дәстүрлерін сақтау және мәдени мұрасын көбейту.

  • және оның сөзі
  • -министрдің (ПМ) конструктивті сөзі - 7 минут:  

бірінші спикер пікірталастың анықтамасын (немесе моделін / механизмін) белгілейді, олар оппозиция командасына пікірталасқа қолайлы орын беру үшін тақырыптың қарапайым мағынасына жақын болуы керек;

өзінің кейсін нақты және айқын таныстырады;

кейсті бірнеше тәуелсіз дәлелдер көмегімен қолдайды.

Оппозиция көшбасшысының конструктивті сөзі (ОК) – 8 минут.

үкіметтің механизміне, анықтамасына, қалыптасқан жағдайына қарсы шығуы мүмкін, бірақ сіздің механизміңіздің, анықтамаңыздың, қалыптасқан жағдайдың шын мәнінде сәйкес келетінін анықтап түсіндіру қажет;

үкіметтің дәйектерін терістейді;

өзінің кейсін нақты және айқын таныстырады;

кейсті бірнеше тәуелсіз дәлелдер көмегімен қолдайды.

Премьер-министр орынбасарының конструктивті сөзі (ПМО) – 8 минут:

оппозицияға шабуыл жасайды;

үкімет кейсін нығайтады;

жаңа дәлелдер келтіре алмайды.

Оппозиция көшбасшысы орынбасарының конструктивті сөзі (ОКО) – 8 минут:

үкімет мүшесіне қарсы;

үкімет кейсін нығайтады;

жаңа дәлелдер келтіре алмайды.

Парламенттен сөз сөйлеу (әр адамға сөз сөйлеуге 1 минут,  3 көрерменнен артық емес, әр парламентарий екі позицияға дв қатысы жоқ өзінің субъективті пікірін білдіреді);

Оппозиция Лидерінің сараптамасы (ОЛ) 4 минут (жаңа дәйектерге және ребатлға тыйым салынған):

пікірталастың негізгі тақырыптарын айтып шығады;

оппонентке қатысты өз кейсінің айқын артықшылығын көрсетеді;

көзқарастар қақтығысының нақты көріністерін береді (дихотомия);

қорытынды шығарады.

Премьер-министрдің (ПМ) талдауы 5 минут (1 мин. ребатл, 4 мин. сараптама, жаңа дәйектерге тыйым салынған);

раундтың қорытындысын шығарады;

раундтың негізгі және сыни кезеңдерін айтады;

оппонентке қатысты өз кейсінің айқын артықшылығын көрсетеді;

көзқарастар қақтығысының нақты көріністерін береді (дихотомия);

қорытынды шығарады.

Турнирдің қарары. Келтірілген қарар бойынша команда міндетті түрде өзінің кейсін Американдық парламенттік форматына (АПФ) сәйкес дайындау қажет.

Дәйектеме және сараптама. Бұл – парламенттік дебаттың іргетасы. Тұжырымдар мен эмоцияға ғана жүгінетін топтан, тізбектелген, логикалық сараптама жүргізген топ сенімді жеңіске жетеді. Дәйектер нақты, сенімді әрі қарсыластардың құндылықтарымен қақтығысты қамтамасыз ететіндей болуы керек.

  1. Парламенттік дебат фактілер мен статистикаға негізделмесе де, шынайы өмірден алынған мысалдар мен дәлелдерді білу Сіздің позицияңызды нығайту үшін әрдайым көмектеседі. Сізді сараптау міндетінен құтқаратын тірек ретінде дәлелдерді қолданудың қажеті жоқ, дегенмен олар абстрактілі дәйектемені күшейту үшін қызмет ете алады.
  2. Белгілі бір мәселеде өз көзқарасыңызды білдіру жеткіліксіз, қарсыластардың дәйектеріне тікелей қарсы тұрғаныңызға және сәтті қарсы тұрғаныңызға көзіңізді жеткізіңіз. Тағы да, раундта автоматты түрде жеңу не жеңілу үшін ұмытылып кеткен дәйек жеткіліксіз (егер бұл ең маңызды дәйек болмаса), бірақ сіз жеңгіңіз келсе, мықты терістеудің мәні өте зор.

Сөз құрылымы. Төрешілер дәйектері нақты белгіленіп ұсынылған сөзді жоғары бағалайды. Дәйектеменің әр түрлі сызықтары нақты бөлініп тұруы тиіс. Мұны дәйектерге сілтеме жасау арқылы істеуге болады (не басқа да технологияларды қолдануға болады). Ребатлда раундтың ең маңызды тұстарын қысқа әрі мықты қозғап, детальдарға тым беріліп кетпегені жөн.

  1. «Сұрақтарды» пайдаланған дебатер раунд бойы артықшылыққа ие болады. Өткір сұрақ қою мен оған тез әрі ұтымды жауап беру арқылы өзіңіздің суырып салма ойлау қабілетіңізді көрсетесіз, бұл қасиетті төрешілер жоғары бағалайды.

Топпен жұмыс. Дебатшылардан топтық жұмыс, бір-бірінің дәйектерін күшейту және раунд бойы философияны біртіндеп дамыту күтіледі. Өз әріптесіңізге қарама-қайшы келмеңіз, одан да ертерек енгізілген дәйекті кеңейтіп, өз әріптесіңізге мақсатқа жетуге көмектесіңіз.

Спикерлік ұпайлар.

Раундқа берілген бағамен қатар төреші әрбір спикерге 1 ден 30 ұпайға дейін «спикерлік ұпай» береді. Өзінің атына қарамастан спикерлік ұпайлар тек спикердің стилистикалық қабілетіне ғана байланысты емес. Дәлірек айтқанда, олар спикер көрсеткен дебаттың жалпы дәрежесін – дәйектеме, сараптама, терістеу стилі мен риторикасын қоса көрсетеді.

Просмотров: 6076


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст