"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢАТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР - ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЦЕНТР ДЕТСКО - ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТҚА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРТУЛЕР 2021 жыл

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТҚА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРТУЛЕР

2021 жыл

       «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК директоры Асель Магзумовна Уткербаева тұлғасында бір жағынан және қызметкерлері, олардың атынан «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК кәсіподақ комитетінің төрайымы Мерует Жолаушыновна Касымова екінші жағынан 2019-2021 жылдарға арналған ұжымдық шартқа осы қосымшаны жасасты.

Ақмола облысы прокуратурасының заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысының негізінде 2019-2021 жылдарға қол қойылған Ұжымдық шартқа толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, тараптар келісімге келді:

  1. 1.4 тармақ. Жалпы ережелер алынып тасталсын.

«Кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын қызметкерлер өздерінің жазбаша өтініштерімен КК-ден жұмыс берушімен өзара қарым-қатынаста олардың мүдделерін білдіруді, сондай-ақ осы ұжымдық шартқа қосылуды сұрауға құқылы. КК ай сайын кәсіподақтың шотына жалақының 1 (бір) % - ын аударған жағдайда, қызметкерлердің мүдделерін білдіреді және кәсіподақ мүшесі болып табылмайтын тұлғаларға Ұжымдық шарт ережелерінің қолданылуын таратады».

2.   4.15-тармақ. IV бөлім. «Жұмыс беруші қызметкерді хабардар ету негізінде: некені тіркеу; бала тууы; жақын туыстары қайтыс болған; еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда күнтізбелік бес күнге дейін жалақысы сақталмайтын демалыс беруге міндетті."

3.     Толықтырулар мен өзгерістер 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап күшіне енеді

Жаңартылған күні: 11.03.2021 17:36
Құрылған күні: 11.03.2021 17:36

Текст